Көрісу – ынтымақ пен берекенің көрінісі

14-наурыз Амал мерекесінің басталуына орай аудандық музейдің ұйымдастыруымен «Көрісу – ынтымақ пен берекенің көрінісі» тақырыбында мәдени шара өтті. Шараға М.Жұмабаев орта мектебінің мұғалімдер қауымы мен директоры С.Издина, Т.Жүргенов орта мектебінің мұғалімдері, Жаңалық жаршысы газетінің тілшісі Е.Әбдіраев, мәдениет үйінің әдіскері Ш.Бекназарова, Ішкі саясат бөлімінің бас маманы Н.Көшеров қатысты.

Ұлыстың ұлы күні әз Наурыз!

19-наурыз күні музей залында Ұлыстың  Ұлы  күні  Наурыз  мерекесіне   орай  «Қош келдің, әз Наурыз!» атты  мерекелік  шара өтті. Шараға аудан әкімінің орынбасары Н.Иванұлы, Әйтеке би ауданының құрметті азаматтары Д.Ержанов пен А.Ермағанбет, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қ.Досұлы, Саз мектебінің тәлімгері Ж.Сералин және М.Жұмабаев орта мектебінің 11-сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Н.Жакупова қатысты. Шараның мақсаты: Қазақ халқының жыл басы саналатын Наурыз мерекесінің тарихын шолу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

Әлемнің мәні – әйелде

7-наурыз күні аудандық музей залында Халықаралық  әйелдер  мерекесіне  байланысты «Көңілден кетпес бір бейне»  тақырыбында  мерекелік  шара өтті. Шараға сыйлы ана А.Ержанова, музей ардагері Г.Шматова, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қ.Жарымбетов,  аудандық мәдениет үйі әдіскері Ш.Бекназарова, аудандық Саз мектебінің директоры Ш.Берсүгірова, аталмыш ұйымның оқу-ісі меңгерушісі А.Әбенова, кітапхана қызметкері А.Ермағамбетова, М.Жұмабаев орта мектебінің 6-сынып оқушылары және сынып жетекшісі Б.Қонысбаева қатысты.

Алғыс деген ел сыйы

01-наурыз Алғыс айту күніне орай Әйтеке би аудандық музейінде «Алғыс – ризашылық белгісі» тақырыбында мәдени-рухани шара өтті. Шараға аудандық газет тілшісі Е.Әбдіраев, аудандық мәдениет үйінің әдіскері Ш.Бекназарова, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен және т.б. мекеме қызметкерлері, Т.Жүргенов орта мектебінің 5-сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Г.Бегімбаева қатыстырылды.

"Мәңгілік елдің мәдени мұрасы"

20-ақпан күні Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалалары аясында  "Мәңгілік елдің мәдени мұрасы" атты облыстық фестивальге аудандық іріктеу кезеңі өткізіліп, келуші қонақтарға қолөнер шеберлерінің, аудандық музейдің көрмесі қойылды. Көрмеге этнографиялық экспонаттар қойылып, көне жәдігерлердің жасалу жолдары түсіндірілді.

«Ауғанның от-жалыны» тақырыбында ақпараттық-танымдық кеш

11-ақпан күні аудандық музей залында  Кеңес  әскерлерінің  Ауғанстаннан  шығарылуының  30-жылдығына байланысты«Ауғанның от-жалыны»тақырыбында  ақпараттық-танымдық кеш өтті. Шараға ауған соғысының ардагерлері Самат Молдағалиұлы, Жалғасбай Сапаұлы, Руслан Әбдіғазиұлы, Бекболат Сухамбердіұлы, т.б. және ішкі саясат бөлімінен Г.Барлыққызы, Н.Жылқыбайұлы, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінен Қ.Досұлы, аудандық саз мектебінің қызметкері Н.Тілеужанов, Т.Жүргенов орта мектебі мен М.Жұмабаев орта мектебінің тәрбие ісінің ұйымдастырушылары Н.Бақытұлы, Р.Нұржанова және сынып жетекшілері мен әскери дайындық пәнінің жетекшілері А.Сарманов пен А.Жармедетов, 9-10 сынып оқушылары қатыстырылды.

Ботай қонысы: Атқа міну мәдениетінің бастауы

17 қаңтар күні Әйтеке би аудандық музейінде Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында «Ботай қонысы: Атқа міну мәдениетінің бастауы» атты ақпараттық сағат өтті.  Ақпараттық сағатқа аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының м.а. Н.Көшеров, мәдениет бөлімінің бас маманы А.Ажигалиева, М.Жұмабаев атындағы орта мектебінің тәрбие ісі орынбасары Р.Нұржанова, тарихшылар Б.Ержанов, С.Ермағанбетов, Т.Жүргенов атындағы орта мектебінің тарихшысы М.Бижанов пен аталмыш мектептің 10-сынып оқушылары қатысты.

1.jpg2.jpg3.jpg4.jpg5.jpg6.jpg7.png1.jpg2.jpg3.jpg4.jpg5.jpg6.jpg7.png