"Әл-Фараби және қайырымды қоғам" тақырыбындағы "Адалдық сағаты"

Биыл елімізде барша әлем мойындаған, данышпан бабамыз Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы аталып өтілуде. Ол өз шығармаларында, сонымен қатар «Қайырымды қала тұрғындары» еңбегінде тәрбие, мейірімділік, парасаттылық және әділдік жайлы ой шерткен.

Сондықтан, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл Агенттігімен ұйымдастырып отырған кезекті «Адалдық сағаты» ұлы Әл-Фарабиге арналады.

Басты мақсат – ұлы ақынның еңбектері арқылы өскелең ұрпақтың бойына әділдік, парасаттылық және сенім құндылықтарын сіңіру.

«Час добропорядочности» на тему «Аль-Фараби и добродетельное общество»

В этом году в нашей стране празднуется 1150-летний юбилей великого мыслителя Аль-Фараби, получившего признание во всем мире. Он в своих произведениях, в том числе в труде «Трактат о взглядах жителей добродетельного города» затронул мысль о воспитании, доброте, порядочности и справедливости.

Очередной «Час добропорядочности», организованный Агентством РК по противодействию коррупции будет посвящен великому Аль-Фараби.

Главная цель – через труды великого поэта привить подрастающему поколению ценности справедливости, порядочности и доверия.

Онлайн сұхбат өтті.

Халықаралық музейлер күніне орай 16-мамырда @aitekebi_muzei инстаграм парақшасы арқылы Әйтеке би аудандық музейі құрылғанда, экспонттарын алғашқы жинақтаушы, экспозициясын жасақтаушылардың бірі Роза Смағұловамен онлайн сұхбат өтті. Сұхбатты музей директоры Д.Ильясова жүргізді.

Еселбаев Әлібек (1924-1990 жж.)

Еселбаев Әлібек (1924-1990 жж.) Ұлы  Отан соғысының ардагері. ІІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, Қызыл жұлдыз орденімен, «Ерлігі үшін», «Кенигсбург қаласын алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медалдарымен, Кеңес әскерінің Жоғарғы Бас қолбасшысының Алғыс хатымен және т.б. мерекелік медалдармен  марапатталған.

Көккөзов Айтмағанбет (1908-1988 жж.)

Көккөзов Айтмағанбет (1908-1988 жж.)
Ұлы  Отан соғысының ардагері.
ІІІ және ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, «Ерлігі үшін», «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» медалдарымен,  Отан соғысы ордендерімен және мерекелік медальдармен  марапатталған.