Тәуелсіздік тірегі – Ата заң

Әйтеке би аудандық музейінде  Конституция күніне орай  «Тәуелсіздік тірегі – Ата заң»  тақырыбында  танымдық шара өткізілді. Шараға аудандық сот бөлімінен, мәдениет қызметкерлері және аудандық кітапхана ұжымы қатыстырылды. Шараның  мақсаты:  Ата Заң жайлы ұғым түсініктерді шолу, онда бекітілген негізгі міндеттер мен құқықтарды түсіндіру. Әрбір қазақстандық азамат біздің Конституциямызда жария етілген демократиялық құндылықтардың сақталуына жауапты екені айтылды. Іс шара барысында Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған деректі видеоролик, слайд көрсетіліп,  музей залдарына экскурсия жүргізілді.