Елім деп өткен ерен Ер

18-қыркүйек күні Әйтеке би аудандық музейі залында мемлекет қайраткері Т.Рысқұловтың туғанына 125 жыл толуына орай «Елім деп өткен ерен Ер» тақырыбында тарихи-ағартушылық кеш өтті. Шараға Т.Жүргенов атындағы орта мектебінің 11-сынып оқушылары мен тарих пәнінің мұғалімі Ж.Ешімбетов қатысты. Мақсаты: Қиын-қыстау кезеңде халқына жанашыр болған Тұрар бейнесін жаңа қырынан көрсету, кейінгі жылдары табылған тың деректермен таныстыру. Тарихи кеш үш бөліктен тұрды: бала Тұрардың бала күнгі қиындықтары, елі мен жерінің қамын ойлаған азаматтық кезеңі, ұлы террордың құрбанына айналған Тұрар ғұмырының қайта түлеу сәті. «Рас па, әлде, жалған ба?» деген айдармен сұрақтар қойылып, пікірлер алмасты.