АБАЙ МУЗЕЙІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

Абайдың мемлекеттік қорық-музейінде «Ұлы даланың Ұлы есімдері» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға Қазақстанның аса көрнекті тұлғалары музейлерінің Қауымдастығы өкілдері қатысып, қазақтың сахара даласында ғұмыр кешкен тарихи тұлғалардың мемлекеттік және қоғамдық деңгейдегі сіңірген еңбектері мен жүріп өткен жолы баяндаманың арқауына айналды. Әбілқайыр хан музейі атынан барған аудандық музей қызметкері А.Жалмуханбетов Әбілқайыр жайында тың деректерді көпшілікке ұсынды.

 

Алдағы уақытта "Қазақстанның аса көрнекті тұлғалары музейлері қауымдастығы" бірлестігінің атқаратын жұмыстары, ұтымды ұсыныстары сөз болып, бұл бастама жалғасын табарына сеніммен тарқады.