Музей мамандары Жидебай-Бөріліде!

Еліміздің әр тарапынан Семей саңлақтарының қадір-қасиетін ұлықтай келген музей майталмандары Күшікбай асуы, Еңлік-Кебек кесенесі, Ералы жазығы, Қанай белі, Арқалық, Аралтөбе сынды тарихи жерлерді аралап, тарихымен тыныстады. Бөрілідегі Мұхтар Әуезовтің, Жидебайдағы Абайдың музей-үйі мен Шəкəрімнің саят қорасын қызыға тамашалады.

Алаштың аяулы ақыны Абайдың мұраларымен танысып, құнды мағлұматтар алып, жәдігерлер тарихы туралы ақпараттарға қанық болған меймандар, «Абай-Шәкәрім» мавзолей-кешенінде асқақ Абай мен шайыр Шәкәрім рухына зиярат етті.