КЕЛЕЛІ КӨРМЕ КЕРЕМЕТТЕРІ

Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік қорық музейінде Қазақстанның аса көрнекті тұлғалары Қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен «Абай халық жүрегінде» атты көрменің ашылу салтанаты өтті. Алашты аузына қаратқан һәкім Абайдың соңғы кездері мұрағаттан табылған фото-құжаттары, тың деректері көрерменді терең тебіреніске бөледі.

Келелі істің бірі боп еліміздің түкпір-түкпіріндегі музейлер мен Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі арасындағы шығармашылық және ынтымақтастық байланысты арттыруға бағытталған меморандумға қол қойылды.