«Ұлттық дала нақыштары» (қол өнер шеберлерінің байқауы)

Аудандық «Халықтар достығы» музейі мен аудандық «Целинник» мәдениет үйі  бірлесе отырып Қазақстан  Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты 25 жұлдызды күн аясында   «Ұлттық  дала  нақыштары» атты  қол өнер  шеберлерінің  байқауы  2016  жылдың   30  қарашада  өткізілді.

Байқаудың  мақсаты:  Қарапайым мамандықтар мен  кәсіп  иелері  арасында  кәсіби  шығармашыл  жандарды  тауып,  халыққа  насихаттау  және шеберліктерін  қалыптастыруға  ұйытқы   болу.

 

-  Шығармашылық  еңбек  адамдары  бойындағы  өнерлерін  насихаттау  арқылы ұлттық тәрбие мен салт – дәстүрлерге жұртшылықтың  қызғушылықтарын  ояту.   

         Ұйымдастыру  алқасынан  қазылар  алқасы  құрылып, байқаудың  үш  шарты  бойынша  жеңімпаздарға  төмендегідей  орындар  тағайындалады.

І орын – Северный  орта  мектебі, ІІ орын  - Сұлукөл  орта мектебі, ІІІ  орын – Қарашатау  орта  мектебі. Арнайы  жүлделер - «Қасиетті  киелі  қол  өнер»  - Жабасақ  орта  мектебі,    «Он  саусақтан  өнер  тамған» - Ярослав орта  мектептері  және  қалған  қатысушылар   алғыс  хаттармен  марапатталды.

          Сондай-ақ   01.12.16  жылы  Тұңғыш  президентіміздің  күніне  орай  аудандық  «Целинник» мәдениет үйіндегі   фойеде   жылжымалы   көрме аудандық  музей мен  мектептер   бойынша  халық  назарына  ұсынылды.

          Көрмеге  қатысушыларға зор ықыласымызды  білдіре  отырып,  он  саусағынана  өнері  тамған  шеберлеріміз  көп  болсын,  әрі  қазақ  халқының  ұлттық   қолөнері  дами   берсін  демекпіз.  

 

Аудандық   музей  директоры: Д.Ильясова