«Ауған соғысы-тарихтың қатпар қыртысы»

Аталған  тарих  беттерін  парақтап,  бүгінгі  күнге  жетіп  отырған   ардагерлермен   сұхбаттасу   үшін  аудандық   «Халықтар  достығы»  музейіне Таласбаев С.М, Әбдібеков Ж.С, Журумбаев Б. С, Шалов  Т.А, Артығалин  Қ.  А  шақырылды. Сонымен   бірге  музей  сағатына   мәдениет  және  тілдерді  дамыту  бөлімінің  басшысы  Аяғанов  М,  аудандық  колледж   мұғалімі  Тынысбеков М. Ө студенттерімен,  Саз  мектебінің   түлегі  Жұмабаев  И  қатыстырылды.

   Шараның  мақсаты: Студенттер бойынан адамгершілік, еңбек сүйгіштік, әдептілік, студенттерге  қажетсіз соғыстың қасіреті жайлы мағлұматтар беру. Отанды қорғау әр азаматтың қасиетті борышы екендігі, студенттердің  өрелік  қабілеттеріне  дамыту   мақсатында  музей  сағаты   ұйымдастырылып   өткізілді.

Ардагер  қонақтармен  сұхбаттасу  үшін  студенттер  түрлі  сұрақтар   қойып,  ойларын  ортаға  салды. Ал  қонақтар   болса, әсерлі  естеліктерін  толғана   отырып,  әңгімеледі. Сондай-ақ  ауған  соғысына  байланысты статистика  бойынша  деректер   көрсетіліп,  ауданымыздан  ауған соғысына қатысқан  жауынгерлер   туралы   слайд  көрсетіліп, «Пришел  приказ»  фильмімен  жалғастырылды. Ал  Жұмабаев  И. «Ерке сылқым» күйін  тарту  етіп,  қонақтарды  бір  серпілтіп  тастады. Келесі  бөлімде  музей  залындағы   көрмемен   байланыстырылды.

Қорытындылау  барысында  аудандық   музей   директоры   Ильясова   Д.  атақты   жауынгер  жазушы  Б.Момышұлы: «Айбындылық  аспаннан  түспейді»  деп  қаһарман  ұлдарын  пана  тұтқан.  Сондықтан   ардагерлер   сіздерді   құрметтеу   біздің   азаматтық   борышымыз. Қатарларыңыз   сиремей, елдің   рухын   көтеріп,  жылдан-жылға,  аман-есен   жүре  беріңіздер  деп  ізгі  ниетін  білдірді.