«Бәрі де, Ана, бір өзіңен басталады»

Ана  десем  ашып  жанары,

Өмірімнің   бастау   алар   ажары

Ана  деген   тіршілікке   пана  боп,

Әрбір   үйде  жұлдыз   болып   жанады.

тақырыбында   аудандық    музейде   аналарға   арналған   мерекелік   шара ұйымдастырылып  өткізілді.

Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды, барша  аналарды  төл  мерекелерімен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ата-анаға деген құрмет  сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.

Шараға  арнайы  шақырылған   қонақтар   және  М.Жұмабаев  орта  мектебі,   Саз  мектебінің  аналары   және аналарға  арнайы  сәлемдеме  жолдау  барысында   Хасен  А, С.Жұбаныш, Жұмбаев  И,  Зейін Б  мен  «Назерке»  би  тобы  қатыстырылды.  

 

Әйел-Ана, Әйел-Өмір, Әйел-тіршілік өзегі. Адамзаттың алабы жаратылған асыл  ананың  жүрегі  үлкен, жүзі  мейірімді, қолы  қайырымды. Ана-болашақтың демеушісі,ұлттың жебеушісі,сәбилердің бақыты.

Қадірменді қонақтар! Арнайы  дайындалған салт-дәстүрге  байланысты  және  өнеге  аларлық  видеоролик   көктем  шуағындай  құлпырып  келген  аналар  мерекесіне  арнайы  түсірілген  еді. Сіздер  арқылы  сұхбаттасу  барысында  біз сіздердің  қарапайылықтарыңызды,  шынайы  ниетеріңізді  көптеген  нәрсеге  таныс  болып,  қуаныш  сезіміне  бөлендік. Ендігі  сол  жылы  сөздеріңізді  көрермен   назарларына   ұсынбақшымыз. Сонымен  қатар,  арнайы  сіздер  үшін  Қазақстан-Ақтөбе  теле арнасының  тележүргізушісі  Есет  Қаниевтің  Әйтеке би  аудандық  аналар  қауымына  мерекелік   ыстық  лебізі  ұсынылды.

Сондай-ақ,  көрермендердің   жылы  лебіздері  тыңдалып,  апайымыз  бен Анар Көлмырзақызының үйлестіруімен, сонау кезендегі  көрермендердің  аналарына  деген  «Сағындырған  әндер-ай»   топтамасымен  мерекелік  шарамызды  әсерлендіріп  жіберді.

Қорытындылау  барысында   музей  директоры  Д.Ильясова  аналар  мерекесіне   байланысты  сыйлықтар  тапсыра  отырып,   көрермендерге  зор ризашылығын  білдірді.