Әйтеке би аудандық «Халықтар достығы» музейінде 1-наурыз алғыс айту күніне байланысты «Алғыс-ризашылық белгісі» тақырыбында мәдени-шара өткізілді.

          Аудандық  музей залында  «Алғыс-ризашылық белгісі»  тақырыбында   мәдени - шара  ұйымдастырылды. Алғыс  айту  күніне  байланысты  арнайы  аудандық  ардагерлер  кенесінің  төрағасы,  ауданның  Құрметті  азаматы, еңбек  ардагері  Д.Ержанов,   Алтын  алқа  иегер  аналар  Байділдина  Ш,  Көнекбаева  Х   және   М.Жұмабаев  атындағы  орта  мектебінен   жетекшісі  Мералина  З.С, 7- сынып  оқушылары, Саз мектебінің «Шұғыла»  би  тобы  мен  аудандық  тілші  қатыстырылды.

 Алғыс  айту  мерекесін  тұстастыру  Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың   тарапынан  атқарылған  игі  іс. Жас ұрпақтың «сыйластық» құндылығы туралы  түсініктерін кеңейте  отырып,  әр  адам  жақсылығы  үшін  алғыс  алып, өзіне  көрсетілген  көмек,  демеу  үшін  рахмет-ризашылығын  білдіретін  күн  екендігі  туралы  ой-пікірлер  қамтылып, оқушылар   келген  қонақтарға   сұрақтарын  қойып,   өз ойларын  ортаға  салды.  Сонымен  қатар  өткен  жылғы  алғыс  күніне байланысты  шаралар  қамтылып,  арнайы  слайд  арқылы  көрсетілді. Шара  Саз  мектебінің  «Шұғыла»  би  тобы   өнерімен және оқушылардың  әнімен  жалғастырылды.

Қорытындылау  барысында   музей  директоры  Д.Ильясова  адам  алғыс  пен  ризашылықты  естіген  сайын,  жақсылық  жасағысы  келіп   тұратынын  есте  сақтауды   және  өмірдің  әрбір  сәтін  бағалай  білуге  бейімдеді. Алғыс  алуға  лайықты  істеріміз  көп  болсын  деген  ризашылығын  білдірді.