«Ұлыстың Ұлы күні-Әз Наурыз»

Кең болсын қазағымның керегесі,

Кетпесін Алла берген  берекесі.

Алаштың баласына нәсіп болған,

Құтты болсын НАУРЫЗ мерекесі!

Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсініктер беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге  бейімдеу.  Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, ұлттық салт - дәстүр, әдет-ғұрпымызбен   байланыстыра  отырып,  өз  ұлтымызға   деген  сүйіспеншілігімізді  арттыру  барысында  18.03.2017  жылы  аудандық «Халықтар достығы» музейінде «Ұлыстың  Ұлы  күні-Әз Наурыз»  тақырыбында  мерекелік  шара  ұйымдастырылып  өткізілді.

 Мерекелік  шараға  ауданымыздың  ел  ағалары мен  апайлары  және  М.Жұмабаев  орта  мектебінің  10  сынып  оқушылары  мен  Саз  мектебінің  өнерпаздарының  қатысуымен  Әз  Наурыз  мерекесі  тойланды. Шара  барысында  салт-дәстүр, әдет  ғұрып, халықтың  тәрбиелік  дәстүрлері  мен  ұлттық  ойындардан  көріністер  байланыстырылды. Көрермен  жастар  наурызшешек, тұсаукесу, қырқынан  шығару, наурыз  туралы  т.б.  салт-дәстүрлер  бойынша  түсінік  ойларын  толық  жеткізе  білді. Сондай-ақ  құрметті  қонақтарымыз  да  жылы  лебіздерін  ұштастырды. «Наурыз  думан»  әнімен мерекелік  шара қортындылана  отырып,  наурыз  көже дастарханына  шақырылды.