«Наурыз- ұлт құндылықтарының бастауы» тақырыбында жылжымалы көрме ұйымдастырылды.

Ұлттың ұлт болып қалыптасып дамуы үшін ұлттық құндылығымыздың маңызы ерекше.

        Кез келген ұлттың толыққанды ұлт болып қалыптасып дамуы үшін оның ұлттық санасы, ұлттық құндылығы және ұлттық мүддесі болуы керек.   Ендеше  өткенімізге көз жүгіртсек, қазақ халқы өз алдына дербес мемлекет болып, көшпенді өмір сүргенде рулық сана басым болды. Сондықтан ұрпақтарымыздың ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп, ел қамын, жер қамын ойлайтын азамат етіп тәрбиелеу  баршамыздың  міндетіміз.

Олай  болса, Ұлыстың  Ұлы  күніне  орай,  аудандық  музей, мәдениет  үйі  және  кітапхана  ұжымы  бірлесіп 20.03.2017 жылы аудандық   «Целинник»  мәдениет  үйінің  фойесінде  «Наурыз-ұлт  құндылықтарының  бастауы»  тақырыбында   жылжымалы  көрме   ұйымдастырылып, қойылған  этнографиялық  бұйымдарға  түсіндіру  жұмыстары  жүргізілді.

       Көрмеге  М.Жұмабаев  орта  мектебінің  оқушылары,  ауыл  тұрғындары  және  аудандық  газет  тілшілері     келіп  тамашалап , Ұлыстың  Ұлы  күніне  арнайы  дайындалған   наурыз  көжеден  дәм  татылды.