Шекаралас ауданға сапар.

 Ресей Федерациясы Орынбор облысының шекаралас аудандарында

 «Наурыз мейрамы» мерекесіне арналған  31 наурыз – 1сәуір  аралығында Әйтеке би ауданы бойынша белгіленген РФ Светлый ауданы, Светлый селосында  іс –шаралар ұйымдастырылып өткізілді.

           Әйтеке би ауданының  ұйымдастыруымен  «Наурызым –нұрлы ырысым» атты наурыз мерекесі кең  ауқымды  тойланды.  Кеңес  үкімет  кезінде,  одан  кейінгі  жылдарда  Ресейді қоныстанып  қалған  қазақтарға  осы  жарқын  бастама  рухани  серпіліс  әкелді. Бауырларымыз  және  өзге  де Ресейліктер тұтас  бір  қазақ  ауылы  көшіп  келгендей  әсер  алды. Келелі  істің  басы - қасында Әйтеке би  аудандық «Халықтар  достығы» музейі мен Қарабұтақ музейінен де бірқатар экспонаттарын алдыртып, жылжымалы көрмелері апарылып қойылды. Әз – Наурыздың  ерекше  сипатын,  қазақы  бейнесін  көрсету  тұсында  музей  көрмесі  үлкен  рөл  атқарды. Алты  қанат  ағаш  үйдің  ішіне  орналастырылған  көрме  қазақы  тұрмыстың  қалпын  толықтай  аша  түседі. Бабаларымыз  күнделікті  тұрмыста  қолданған  ыдыс – аяқтан  бастап (қазан – ошақ, ағаш  табақтар  мен  кеселер, күбі,  саба,  жез құмандар, келі – келсап, диірмен т.б.)  алыс  сапарларға, сыйлы  жерлерге  киетін  киім – кешегі (қасқыр ішік,  күзен ішік т.б.) ер азаматтың  айбары  болған  бойындағы  бес – қаруы,  ұлттық  музыкалық  аспаптар (қобыз,  домбыра)  тағыда  көптеген  бай  мұраларымыз  келушілердің  көзайымына айналды. Ағаш  үйдің   ортасына  ұлттық  дастархан  жайылып,  дәстүрлі  тағамдарымыз  қаймағы  бұзылмаған  қазақ  тұрмысының  көркін  аша  түсті.  Ерте  заманнан  келе  жатқан  тағамдардың  жасалу  жолдары,  табиғи қасиеттері  келушілерді  таңдай  қақтырды.

       Экскурсовод–музей айнасы. Ендеше осы қойылған музей экспонаттарын жургізу үшін қазақ,орыс тілінде дайындалды. Ол үшін М.Жумабаев орта мектебінің  орыс тілі пәнінің мұғалімі З.СБайдельдина   және музей қызметкері А. Жалмұханбетов  апарылған экспонаттарды халықтың назарына ұсынып, жан-жақты тарихи тілде жеткізе білді. Түсіндіру  жұмыстары  да  жоғары  деңгейде  жүргізілді.  Ана  тілін  ұмыта  қоймаған  қазақ  бауырларымызға  қазақша  түсіндірілсе, орыс тілді  жұртшылыққа  өз  тілінде  ақпарат  толықтай  берілді.  Алған  мәліметтеріне  риза  болған  халықтың  қатары    көп  болды.  Сонымен  қатар  естелік  суреттерге  түсті.

       Әз – Наурыз  мерекесін  Светлый  ауданында  атап  өту қазақ  халқының  мәдениетін,  әдебиетін, өнерін  насихаттаудың  ерекше құралы  болғанына  күмән  жоқ.  Ақтөбе  облысының  әкімі  Бердібек  Сапарбаевтың  осы  бір  тың  бастамасы  жылы  сайын  жалғасын  тауып  тұрса,  музей  ұжымы алқалы  топтың  басында  жүрері сөзсіз.

     Ауданымыздың әр уақытта мерейі үстем болғаны,  баршамыз үшін қуаныш деп есептейміз.