Әйтеке би аудандық «Халықтар достығы» музейінде 31 мамыр қуғын-сүргін құрбандарының еске алу күніне орай «Арманда кеткен арыстар» тақырыбында тарихи- танымдық шара.

31 мамыр Қазақстан үшін ерекше аталынып өтетін қаралы күн. Бұл - ашаршылық оқиғаларының, репрессияның  құрбандарын еске алу күні боп 1997 жылдан Елбасымыз Н.Назарбаевтің Жарлығымен белгіленген  болатын.

Біз бұл күнді қаралы дата деп атап өтіп, оңай айта салғанымызбен, оның түбінде үлкен қайғы-қасірет жатыр. Әрбір қазақтың баласы осы қайғы-қасіретті ұмытпауы керек.

 Қатысушы  қонақтарымыз: Әйтеке  би  ауданының  орынбасары  Б.И.Мулькаев, еңбек  ардагері,  мүгедектер қоғамының  төреағасы  Д.Ержанов,  және  З.Бөлекова, Қ. Ниязов, Е.Таңсықбаев,  Нұротан партиясы   Әйтеке  би  аудандық  филиалының  төреағасының  бірінші  орынбасары  А.Ж.Өмірзақова,  М.Аяғанұлы,  Г.Стручков    және  М.Жұмабаев  атындағы  орта  мектебінің  мұғалімдері  мен  оқушылары  қатыстырылды.   

Сонымен  қатар,  Ырғыз  аудандық  тарихи-өлкетану  музей  директоры   А.Таубатыров   қызметкерлері   мен    «Ырғыз-Торғай  мемлекеттік  табиғи  резерваты»  РММ-нің  қызметкерлері  аудандық  музеймен  бірлесіп  «Арманда  кеткен  арыстар»  тақырыбында  тарихи-танымдық   шара   өткізілді.

Репрессияға  ұшыраған  зиялы  азаматтарымызды  1 минут  үнсіздікпен  еске  ала  отырып,  жазықсыз  жапа  шеккен  саяси  қуғын – сүргін  құрбандарына  құран  бағышталды.