Қазақстан Республикасының рәміздеріне 25 жыл «Мемлекеттік рәміздер – қасиетті құндылықтар» (ақпараттық – танымдық сағат)

Әйтеке  би  аудандық  «Халықтар  достығы»   музейінде   2  маусым  күні  Қазақстан   Республикасының  рәміздерінің   25 жылдығына  байланысты «Мемлекеттік рәміздер – қасиетті  құндылықтар»  ақпараттық – танымдық  сағат  өткізілді.

Шараға   қатысушы  қонақтар:  Әйтеке  би  аудан  әкімінің  орынбасары  Б.И.Мулькаев, аудандық  маслихат  хатшысы  Е.Б.Таңсықбаев, Әділет  басқармасының  басшысы  Ж.А.Байбашева,  «Нұротан»  партиясы   Әйтеке би аудандық  филиалының төреағасының  бірінші  орынбасары  А.Ж.Өмірзақова, аудандық  кітапхана  директоры  Г.Е.Қоянбаева  және  аудандық  көпсалалы  колледж  мұғалімдері  мен студенттері  келіп  қатысты.

Шараның  мақсаты:  Келушілердің Елімізді мемлекеттік рәміздер туралы   ой-пікірлерін    ортаға салу, әрбір бөлшегіндегі  ұлттық  символиканы ұғындыру, мемлекеттік белгілердің аса маңыздылығын түсіндіру, оны ерекше құрметтеп,  мақтан тұту керектігін  ұғындыру.

Шара ұлтымыздың ұранына айналған әнұранымыздан басталып, рәміздердің шығу тарихы туралы тың деректермен жалғасын тапты. Ерте дәуірлерде ғұн мен сақтың айбары болған ұлттық белгілердің астарына терең үңіліп, тотемдік ерекшеліктері баяндалды.

Қатысушы   қонақтар   ҚР-ның  мемлекеттік  рәміздерін құрметтеуде, сыйлауда үлкен мән барын, ұлттың айбары мен бейнесін танытуда атқарар рөлін студенттерге баса айтты. Ұлттық қүндылықтарымыздың белгісіндей болған рәміздерімізді биік көтеру – ұлт мерейінің өскендігі екенін ұғындыра білді.

Сөз соңында, музей директоры Д.Ильясова әр мекеменің тізгінін ұстаған сыйлы азаматтарға алғысын білдіріп, рәміздерді насихаттауда жасап жатқан істеріне сәттілік тіледі.