«Айбарлы асқар елді асқақтатар Ата заң»

Көк туым көтерілді бағым жанып,
Елтаңбам төрде әлемге танылды анық.
Шырқадым әнұранды бар дауыспен,
Арманым Ата Заңым қабылданып. 

 

Әйтеке би  аудандық  «Халықтар  достығы»  музейінде  29 тамыз Конституция күніне орай «Айбарлы асқар елді асқақтатар  Ата заң»атты танымдық   шара  өткізілді.Танымдық   шараға  заң  қызметкерлері мен  мекеме  қызметкерлері шақырылды.

Мақсаты: Ата Заң жайлы ұғым түсініктерін қалыптастыру, онда бекітілген негізгі міндеттері мен құқықтары атты тараулармен таныстыру. Адамның ең қымбат қазына екендігін, оның өмірімен, құқықтарымен таныстыру, Ата Заңға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру арқылы адамгершілігі мол, парасатты тұлғаны тәрбиелеу. Өткізілген  шарада  қатысушылар С.Қабдылдаұлы, Г.Есмағамбетқызы  өз  пікірлерін  ортаға  салды. Музей  директоры  Д.Ильясова  мемлекетіміздің құрылымын айғақтап,барлық заң негіздерінің бастауы болып отырған Конституция күнімен құттықтай  отырып.

 Біз тәуелсіздік арқылы ғасырлық мәні бар орасан зор жетістіктерге қол жеткіздік.Әлем жұртшылығының алдында мерейіміз артып, абыройымыз асқақтады.Сондықтан біз баянды істеріміздің бастауы болған бас құжатымызды  ардақтай білейік  деген  пікірімен  қорытындылады.

          Сондай-ақ,  аудандық  мәдениет  үйінің  фойесінде  Светлый  ауданынан концерттік  бағдарламамен   келген  қонақтарға және ауыл тұрғындарына   жылжымалы  көрме  ұйымдастырылып, көрмені қазақ, орыс тілінде  музей қызметкерлері  мен  М.Жұмабаев  орта  мектебінің  ұстазы  З.С.Байдилдина түсіндіру   жұмыстарымен  көрермендердің  зор  ықыласына  бөленді.