Қазақ хандығының 550 жылдығы

1-2 қазан  қазақ  хандығының  550  жылдығы  аясында  Әйтеке би ауданындағы «Хан моласы» қорымында қазақ тарихындағы ірі қоғам қайраткері, даңқты қолбасшы Әбілқайыр ханға арналған мемориалды кешеннің  ашылуы  болды.  Сонымен қатар Толыбай ауылында «Әбілқайыр  хан»  музейі  ашылды. Музейге XVIII-ХІХ ғасырлардан қалған құнды жәдігерлер, Әбілқайыр хан ұрпақтары тұтынған бұйымдар, олардың арасында, белгілі заңгер Бақытжан Қаратаевтың ұстаған бұйымдары, Әбілқайыр ханның жеке мөрі  қойылды. Музейдің  ашылу салтанатына Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев  қатысып,  музеймен  танысты.  Шара  барысында  киіз үйлер тігіліп, ат  жарыс,  қазақша  күрес  ұйымдастырылып,  әр  облыстан  келген фальклорлық ансамбль  өз өнерлерін  халыққа  ұсынды.