Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын талқылау бойынша дөңгелек үстел

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын талқылау аясында аудандық музей залында дөңгелек үстел өтті. Аудандық сот мекемесі мен аудандық «Халықтар достығы» музейінің ұйымдастыруымен өткен шараға аудандық мұрағат және прокуратура қызметкерлері қатысты. Алғашқы сөз тізгінін аудандық сот төрағасы А. А. Әбдіров алып, мақаланың өзекті тұстарына тоқталып, заң жүзінде асырылар істердің басы-қасында жүру міндетіміз деді.

Мақалада қамтылған ұлттық бірегейлігімізді сақтау формуласы әрі қарай шешімін табу жолында атқарылар істерге әр қатысушы өз ойларын білдірді. Шара соңында музей директоры Д.Ильясова келушілерге ризалығын жеткізіп, рухымызды оятатын істердің қай-қайсысы да біздің мойнымызда деген тоқтамға келді. Аудандық сот ұжымы музей қорына естелік ретінде «Ақтөбе облыстық соты - 80 жыл»  кітабын  сыйға тартты. Рухани  жаңғыру  мақсатында  түсірілген «Дешті  Қыпшақ»  деректі  фильмі   назарға  ұсынылды.  Сонымен  қатар,  қатысушы  қонақтар  музей  залдарын аралап, экскурсия барысында мол  мағұлматтармен  таныстырылды.