«Латын әліпбиіне көшу игілігі!»

Әйтеке би  аудандық  «Халықтар достығы»  музейінде «Латын әліпбиіне    көшу  игілігі!»  тақырыбында   пікірсайыс  өткізілді.

    Шараның мақсаты - Латын графикасына көшудің маңыздылығы туралы кеңінен ақпарат тарату, қоғамдық пікір қалыптастыру,  танымдылық, білімділік  деңгейін  көтеру, ой  белсенділігін  дамыту.

       Шараға  Аудандық мәдениет  және  тілдерді  дамыту  бөлімінің  басшысы Қ. Жарымбетов, қазақ  тілі  қоғамының  төрайымы Б.Саймағамбетова, аудандық мәдениет үйінің режиссері Ш.Бекназарова,  аудандық  кітапхана  әдіскері  Р. Мыңжасарова және  М.Жұмабаев  атындағы  орта  мектебінен Р.Нұржанова,   Д.Жолдыбаева,  Б.Ержанов  және Н.Жакупова 9-сынып оқушыларымен  қатысты.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан еді.

Ендеше,  бұқаралық ақпарат деректеріне сүйенсек, бүгінде әлемнің 70% елдері латын жазуы арқылы білімді игеріп, ғылыми зерттеулермен танысуда. Бұл дегеніміз – білім, ғылым, саясат пен техника, мәдениет пен өнер, спорт т.б. қатысты жазбаша ақпараттың барлығы дерлік латын графикасымен беріледі, қоғамдық өмірдегі жаңалықтардың басым бөлігі осы графиканың негізінде таралады дегенді білідерді.  Демек, латын әліпбиінің біздің отанымыздың әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу талабының орындалуы жолында маңызды роль атқаратыны сөзсіз  екендігі  айтыла  отырып,  ақпараттық  жүйемен  слайд  көрсетілді.

        Латын  әліпбиіне  көшу  барысында  пікірлесу қызу  талқыланды және   қатысушылар  қатары  өз  ойларын  ортаға  салды. Сонымен  қатар,  қорытынды  сөз  барысында   музей  директоры  Д.Ильясова  латын әліпбиіне көшу - ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады  деген  пікірін  білдіре  отырып,  қатысушыларға  ризашылығын  білдірді.