1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай «Мәңгілік елдің асыл мұраты» тақырыбында танымдық шара.

1 желтоқсан  Тұңғыш  Президент  күніне орай  «Мәңгілік  елдің  асыл  мұраты»  тақырыбында  танымдық  шара  өткізілді.  Шараның  мақсаты - жас ұрпаққа елбасымыздың  сан қырлы талант иесі,  әлемге  танылған  ұлы  тұлға екендігін таныту. Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді әлемге танытқан, алаш баласының абыройын асқақтатып Елбасының  кісілік  келбетін  меңгерту.  

 

Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлік іс - шараға айналуға орны бар екенін шынайы сезіммен айтып өтуге тура келеді.  Шараға  аудандық  ішкі  саясат  бөлімінің  бастығы  Г.Барлыққызы,  аудандық  кітапхана  қызметкері  Ш.Досанова,  Т.Жүргенов  орта  мекетебінің тарих  пәнінің  мұғалімі  М.Бижанов,  көп  салалы  колледж  мұғалімдері  К.Әлкенова,  А.Асанғалиева  мен  колледж  студенттері   және  М.Жұмабаев   орта  мектебінен   мұғалімі  Ж.Тағаева  8 «Ә»  сынып  оқушыларымен  қатыстырылды.  

Президенттің  жастарға  жасаған  мүмкіндіктері  мен  Қазақстанда Елбасының бастамасымен жалпы ұлттық: «Ауыл жастары», «Дипломмен ауылға!», «Жастар тәжірибесі»  және «Жасыл ел» сынды жастардың жобалары, жыл сайын ЖОО мен колледждерді бітірген мыңдаған жас мамандар жалақысы жоғары,  білім алуға және жұмыс жасауға барлық жағдайлар   мен  мүмкіндіктер  қарастырылғаны  жөнінде  пікірлерін  айтып  өз  ойларын  ортаға  салды.