«Ұлттық код – рухани болмыс кілті»

Әйтеке би  аудандық  «Халықтар  достығы»  музейінде  «Ұлттық код – рухани болмыс  кілті» тақырыбында дөңгелек  үстел  ұйымдастырылып өткізілді. Дөңгелек  үстелге  Әйтеке би  аудандық  сот  ұжымы,  М.Жұмабаев атындағы  орта  мектебінің  ұстаздар  қауымы  мен  9 , 11 сынып  оқушылары және  аудандық  газет  тілшісі  қатысты.

 Мақсаты: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар : рухани жаңғыру» мақаласының маңызын кеңінен насихаттау. Рухани жаңғыруды сипаттау  және патриоттық  сананы ынталандыратын  ұлттық  құндылықтарды  жаңғырту  барысында   және  тұлғалық  сынама  арқылы рухани байлық,  туыстық  қатынас (отбасы,  ағайын- жекжат, ауыл-ел),  дарын, қабілет,  материалдық  байлық   бойынша  жұмыстар  атқарылды.

Сонымен  қатар,  бірнеше  суретті  бейнелер  арқылы  оқушылардың   ой- өрісін  дамыту  барысында   рухани  жаңғыруға  қатысты,    адамға  қажетті  құндылықтар  бойынша   пікірлер  бөлісілді.  Жас  ұрпақ  өз  ойларын  еркін,  толық  жеткізе  білді. Сондай – ақ, Әйтеке би  аудандық  сотының  бас  маманы   Стүмген А,  газет тілшісі  Е.Әбдіраев, М.Жұмабаев  орта  мектебінің   тәрбие  ісінің  орынбасары  Р.Нұржанова  мен  ұстаздар  қауымы  да мақаладағы сананы жаңғырту, ұлттық болмыс, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде көзқарастарымен бөлісті.

Қорытындылау  барысында  музей  директоры  Д.Ильясова  рухани жаңару арқылы әлем мойындар табысты ел болып, жарқын болашаққа деген сенім мен үмітті үндестіре отырып, рухани  байлығымыз  мол болсын  ізгі  лебізін  білдірді.