«Ұрпаққа үлгі болған ерлік»

15 - ақпан  күні  аудандық  музейде  Кеңес әскерлерінің Ауған  жерінен  шығарылғанына биылғы  жылы 29 жыл толуына  орай  «Ұрпаққа   үлгі болған  ерлік»  тақырыбында  музей сағаты  өткізілді.

Мақсаты:Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу, Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды  Отансүйгіштікке, ерлікке  баулу,  Ауған  соғысы  ардагерлеріне   құрмет  көрсету. Музей  сағатына  Т.Жүргенов  орта  мектебінің  10 - сынып  оқушылары  мен  алғашқы  әскери  дайындық  пәнінің  мұғалімі  А.Сарманов  және  музей  қызметкерлері  қатыстырылды.

        Жылма-жыл ақпан айының 15-і күні біз ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, олардың рухтарының алдында бас иеміз. Өйткені бұл соғыста өрімдей жас жігіттер жазықсыздан-жазықсыз құрбан болды. Бүгінгі жастар сол кездегі жігіттердің Отан алдындағы борышын адал орындағандарын ұқсын, олардың патриоттық сезімінен тағылым алсын деген мақсатпен жыл сайын түрлі деңгейдегі көрмелер, кездесу кештер, мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып, көз көргендермен кездесулер өткіземіз, сол бір сұрапыл соғыс болған ХХ ғасырдың 80-жылдарына еріксізден-еріксіз ораламыз.

Оқушыларға ауған соғысының  қасіреті жайлы мағлұматтар  беріліп,  ауған  соғысы  туралы  бейнероликтер  көрсетіліп,  музей залында орналасқан  экспозициялық  көрмеге   түсіндіру жұмыстары  жүргізіліп, қатысушылардың  ой-пікірлері  ортаға  салынды.

Өткенге ой жүгіртіп, ел үшін аянбай ерен еңбектерін көрсете білетін осындай ерлеріміздің игі істерін келешек ұрпақтарымызға үлгі ете білу баршамыздың  парымыз.