«Діни экстремизм мен терроризмнің қазіргі дәуірдегі қаупі» дөңгелек үстел

       Аудандық  музейде  аудандық  мешіттің  наиб  имамы  С. Қ. Сәметов, аудандық  ішкі  саясат  бөлімінің  басшысы  Н.Б.Нажмадинов  және көпсалалы колледждің  тәрбие  жөніндегі  орынбасары   К.Б.Алькенова, С.А.Абдиганиева, 2 курс  студенттерімен  музей қызметкерлерінің  ұйымдастыруымен  дөңгелек үстел  өткізілді.

      Мақсаты  оқушыларға  экстремизм,  терроризм туралы  терең  түсінік  беру, оның түрлері, себептерімен  зардаптарын ұғындыру; жасөспірімге  қоғамның  әлеуметтік, құқықтық,  діни  сипаттарын  ұғындыра  отырып, оларды  террорлық, лаңкестік  және  діни  экстремистік   бағытта   арандатуға   жол  бермеу;  жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және  мейірімділік  пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру.

      Тақырыпқа сай ақпараттық бейнеролик көрсетіліп, студенттер  көкейіндегі  сұрақтарын  наиб  имамы  С.Қ. Сәметовке  қойып,  жауаптарына риза болды.  Сонымен қатар,  қатысушыларда  өз  пікрілерінде  ортаға  салды.