1-наурыз Алғыс айту күніне байланысты «Шын жүректен, мың алғыс» тақырыбында танымдық шара

Аудандық музей залында Алғыс айту күніне байланысты М.Жұмабаев атындағы орта мектебінің оқытушысы оқушыларымен және Комсомол орта мектебінің оқушыларының қатыстырылуымен танымдық шара өткізілді.

Мақсаты: Бұл дата – еліміз үшін бірлік, татулық пен келісімнің салтанат құрған күні. Қуғын-сүргін жылдары қазақты көптеген ұлт паналады. Өзегіне талғажау болар азғантай несібесін өзгемен бөлісіп, ұлты, діні бөлек болса да, адам баласын алаламай, бауырына тартқан қазақтың кең пейіліне қарыздар жұрт қаншама?! Алғыс айту күні сол бір қиын-қыстау заманда келіп, бүгінде ұрпақ өрбіткен өзге жұрттың қонақжай қазақ баласына терең тағзымы іспетті. Ынтымақтың, қайырымдылықтың, мейірімділік пен төзімділіктің белгісі. Бұл – тар жол тайғақ кешуде тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көп ұлтты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні екендігін оқушылар санасына сіңіру.

 Шара барысында Диана, Гоша, Даша, Леша және Нұрхан, Аружан сынды оқушылар алғыс туралы өз пікірлерін білдіріп, қатысушыларға алғыстарын айтты.

         Осы шарадан соң, аудандық мәдениет үйінің алаңында мерекеге орай парад(шеру) ұйымдастырылып, мәдениет үйі фойесінде этнографиялық бұйымдар мен ассамблеяға байланысты музей тарапынан халық назарына көрме ұсынылды.