Ұлттық құндылықтар – тәрбие негізі

Ұлтпен бірге жасап, елмен бірге дамып келе жатқан ұлттық құндылықтарымызды ұрпақ санасына сіңіру, сау қоғам құрудың басты алғы шарты. Өйткені, тарихи тамыры жоқ, мәдени діңі жоқ ұлттың болашаққа берері де аз. Ұлтымыз қадір тұтып, қастерлеген, өнеге етіп, қадірлеген құндылықтарымызды насихаттау басты міндет.  Сол мүдде жолында, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудандық «Халықтар достығы» музейінде «Ұлттық құндылықтар – тәрбие негізі» атты музей сағаты өтті.

          Шара барысында ұлттық байлығымыздың кәусар бұлағы саналатын салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымыздың озық тұсы айтылып, ортаға сұрақтар беріліп, оқушылардың ойы басты назарға алынды. Келушілерге дала реформаторларының ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы рөлі, халықтың сол жолдағы үздік тәжірибелері айтылып, кеңінен ақпарат берілді. Оқушылардың сана-сезіміне әсер ету мақсатында психолгиялық, практикалық жұмыстар жүргізілді. Тұлға қалыптастыруда ұлттық тәрбиеміздің берері мол екенін оқушылар бір ауыздан мақұлдады. Қонақтар мыңдаған жылдар бойы дала өркениетінің айнасына айналған салт-санамызды одан әрі дамытуға үлес қосуға шақырды.

         Шараны музей директоры Д.Ильясова қорытындылап, ел болашағын ұлттық тәрбиеге сусындаған жастардың жасайтынына сенім білдірді.