«Бауырсақ - PATY»

Бауырсақ мерекесі ауданымызда алғаш рет атап өтілді. Бауырсақ – қазақ халқының ұлттық тағамдарының ең көп тараған және ең сүйіктісінің бірі. Бұл тағам ерекше құрметке ие болғандықтан, оған ерекше мәртебе беру мақсатында осы мереке ұйымдастырылды. Әр мекеме, ұжым өкілдері аудан орталығы тұрғындарының көз алдында қамыр илеп, ашық алаңға қойылған қазандардың астына от жағып, бауырсақ пісірді. Күркелер құрылып, ұзын сонар дастархан жайылып, бауырсақ төгілді. Мерекелік шараға қатысушылардың барлығы, жас баладан еңкейген қарияға дейін бауырсақтың дәмін татып, мерекелік концертті тамашалады.Бауырсақ мерекесі жиналғандардың көңілінен шығып, ақ батасын бергендердің қарасы көп болды. Аталмыш мереке жыл сайын дәстүрлі атап өтілсе, ұлттық құндылығымыздың жаңарып, өшкеніміздің тірілгені болар еді.

 Бауырсақ  мерекесінде  жоғары  деңгейде  ат  салысып,  белсенділік  танытқан  аудандық  музей  ұжымы  аудан  әкімінің  «Бауырсақ - PATY»  алғыс  хатымен  марапатталды.