«Тарихи тұлғалар – ел мақтанышы» атты патриоттық көрме.

Әйтеке би өңірі атына заты сай би - шешендер өлкесі екеніне бүгінде  тарих  куә. Дархан  жері  дүние жүзіне танымал болған тұлғалардың атамекені, еліне  ізгі өнеге қалдырып, ақыл-ой, қайрат жігерімен, білім – білігімен қызмет  етуді, азаматтық борыш, әрі ұлтқа деген сүйіспеншіліктің бір көрінісі.

 

Қазақ  намысын  асқақтата  білген  ұл – қыздары,  кішігірім  бір  ұлтқа  мақтан  боларлықтай  өнегесі  мол,  киесі  көшіп  көрмеген  өлке.  Экономикасы  қарқындап  дамып,  мәдениеті  көркейіп,  рухы  биіктеп  келе  жатқан  Әйтеке би  өңірінің  бүгінгі  жеткен  биігін  пайымдау  жаңа  ұрпақ  үшін,  сол  ұрпақтың  санасы  таза,  рухы  биік  болу  үшін  қажет.  Киесі  кеміп,  рухы  түсіп  көрмеген  өңірдің  перзенттері  жаңарған  жасампаздық  дәрежеге  көтерілген  Қазақ елінің  абыройын  асқақтата  түсуге  айтулы  үлес  қосары  анық.

Мемлекет  хатшысы  Марат  Мұхамбетқазыұлы  Тажиннің  «Халық  тарих  толқынында»  баяндамасы  негізінде  өлке  тарихын  айшықтайтын,  тарихи  тұлғаларымызды  дәріптеу  мақсатында  облыстық  тарихи – өлкетану  музейінде  «Тарихи  тұлғалар – ел  мақтанышы»  атты  патриоттық  бағыттағы  жылжымалы  көрме  қойылса, көрменің  жалғасы  Әйтеке  би  аудандық  «Халықтар  достығы»  музей  залында  «Тарих  толқынында»  атты  дөңгелек  үстелге  ұштастырылды. 

Шараның  мақсаты - жас ұрпаққа  тарихи тұлғалардың  ерліктерімен, еңбектерін насихаттап, олардың жадында есімдерін  мәңгіге  сақтай  отырып,  патриоттық  сезімдерін ояту.

Дөңгелек  үстелге  ауданның  құрметті  азаматы  Д.Ержанов,  аудандық  әкім  орынбасары  З.Мекетайқызы,  ішкі  саяат  бөлімінің  бастығы   Г.Барлыққызы,  «Жаңалық  жаршысы»  газетінің  директоры  Г.Стручков,  мәдениет  және  тілдерді  дамыту  бөлімінің  уақытша  міндетін  атқарушы   Г.Төлегенова  мен  мәдениет  қызметкерлері   және  көпсалалы  колледж  студенттері  шақырылды.

Шараны  «Халықтар  достығы»  музейінің  директоры  Д.Ильясова сөз  алып,  экран  арқылы  аудан  туралы  бейне  жазба  көрсетілді. 

Ауданымыздың  құрылу  тарихы  мен  Қарабұтақ  селосындағы  Әйтеке  би  ескерткішінің  ашылуы,  ауданға  Әйтеке  би  бабамыздың  есімінің  берілуі  жөнінде  және   алғашқы  тың  және  тыңайған  жерлерді игеру  кезіндегі  деректерді  ауданымыздың  құрметті  азаматы  Д.Ержанов  әңгімеледі.  Сонымен  қатар,  күрделі де қиын кезеңде өзінің әмірі мен саясатын жүргізген, ірі стратегиялық, тактикалық шешімдер қабылдап, оны ерлікпен жүзеге асыра білген, білгір билеуші дәрежесіне көтерілген, көреген дипломат, көрнекті мемлекет қайраткері,  Кіші жүз ханы,  Әбілқайыр хан туралы, Кіші жүздің бас биі,  артына аталы сөз қалдырған,  мемлекет басқару ісіне араласқан, «Жеті Жарғы» заңдар жинағын шығарушылардың бірі Байбекұлы Әйтеке би және т.б атақты тарихи, саяси қоғам қайраткері  Т.Жүргенов  туралы  мәліметтер  айтылды.

Сондай – ақ  ауданымыздың мақтаныштары, қазақ  күресінің  шебері,  халықаралық  деңгейдегі  жаттықтырушы   Р.Ермағанбетов,  қазақ  күресінен  Ақтөбе  облысы  бойынша  тұңғыш  әлем  чемпионы, халықаралық  деңгейдегі  спорт  шебері Б.Қисықов  пен  Ғ.Байниязов  т.б.  туралы  әңгімелеп,  студенттердің  қойған  сұрақтарына  жауап  берді.

Кеш  соңында  шақырылған  қонақтарымызға  М.Ахмедиярдың  орындауында  Қазанғаптың  күйі  «Ақ  желең»  орындалып,  қортындыланды.