«Тәуелсіз елдің нышандары» ақпараттық танымдық шара

«Біз Тәуелсіздігіміздің нышандарын көздің

қарашығындай сақтауымыз керек, қасиет тұтуымыз керек. Еліміздің әрбір азаматы

Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын ерекше құрметтеуге міндетті. Өйткені олар

халқымыздың мақтанышы, біздің ең киелі құндылықтарымыз.»

Н.Ә.Назарбаев

Ақпараттық танымдық сағатқа аудандық әкімшіліктен Б.И.Мулькаев, Қ.Жарымбетов, Н.Нажмадинов пен аудандық көпсалалы колледжден Ж.Ешімбетов ұстаздар қауымымен студенттері және аудандық «Жаңалық жаршысының» тілшісі Е.Әбдіраев, жастар ресурстық орталығынан қатыстырылды. Ұйымдастырылған ақпараттық танымдық шараның мақсаты – Отанымыздың ұлттық мақтанышы – Мемлекеттік Рәміздерге арналды. Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

Мемлекеттік рәміздер еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі. Мемлекеттік рәміздер - халқымыздың рухын, ұлттық салт – санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман – тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер екендігі туралы айтылып және шараға қатысушылар пікірімен байланыстырылды. Аудан әкімінің орынбасары Б.И.Мулькаев пікірін оратаға салып мемлекеттік рәміздерді қадірлеу Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы екендігін айтты.

Қорытындылау барысында музей директоры Д.Ильясова Қазақстан Туымен - тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты ел болсын деп тілегін білдірді.