«Айбыны асқақ ақ ордам»

Елордамыз Астананың 20 жылдығына орай «Айбыны асқақ ақ ордам» тақырыбында аудандық музейде танымдық шара өткізілді. Шараның мақсаты Астана – болашақтың қаласы, мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы болып табылатын жас қала туралы айту.

Шараға «Жаңалық жаршысы» газетінің тілшісі Е.Әбдіраев, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Қ.Б.Жақияев, аудандық соттың бас маманы Ж.Әбдірова, М.Жұмабаев ат. ОМ мұғалімі Ә.Қасымханқызы, аудандық кітапхана қызметкерлері мен Жастар ресурстық орталығының жастары және оқушылар қатыстырылды.

 Астананың 20 жылдығына орай Асуов Дәулеттің өзінің арнап шығарған «Астана - арман қала» атты жыр шумағы оқып, Диас Ерсайын «Еркесылқым» күйін орындады.

Шараға қатысушылар толық дерлік өз ойларын ортаға салды.