Музейдің алғашқы қызметкерлері

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Астананың 20 жылдығы мерекесіне орай алғаш құрылған музейдің қорын жинақтауға көмегі тиген, музейдің ашылуына үлесін қосқан экономика ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев ат. Еуразиялық Ұлттық университетінің профессоры Николай Ювица ауданымызға жол сапармен келіп, музей жанашырларымен кездесу кеші өтті. Кешке қатысқандар: Жаңалық жаршысы газетінің директор-бас редакторы Г.Стручков, музейді алғаш жасаушылардың бірі  Р.Смағұлова және қонақтар мен музей қызметкерлері. Кездесу барысында Н.Ювица музейдің қалай құрылғандығын, алғашқы экспонаттар қалай жиналғандығын кең түрде айтып берді. Музей құрылғаннан бері келе жатқан жәдігерлердің тарихына терең шолу жасап, бізге беймәлім ақпараттар ұсынды.

Музей жұмысына сәттілік тілеп, келер жылы толатын музейдің 30 жылдығын кең көлемде тойлау керектігін, оған музей жанашырлары мен өзі секілді алғашқы музей қызметкерлерінің белсене қатысатындығын атап өтті. Кездесу соңында, өз шығармашылығынан бірнеше кітапшаларды музей қорына сыйға тартты.