"XVIII ғасырдың І жартысындағы қазақ мемлекеттілігі мен Әбілқайыр ханның тарихи тұлғасы" атты ақпараттық-танымдық конференция

17 тамыз күні С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында дарынды қолбасшы, сұңғыла саясаткер Мұхаммед Қазы Әбілқайыр ханның туғанына 325 жыл толуына орай және Ақтөбедегі Әйтеке би ауданы күндері аясында "XVIII ғасырдың І жартысындағы қазақ мемлекеттілігі мен Әбілқайыр ханның тарихи тұлғасы" атты ақпараттық-танымдық конференция өтті. Конференцияны Әйтеке би ауданы әкімі М.Ибрашов ашып, құттықтау сөз сөйледі. Конференцияға облыс қонақтары, ауданның құрметті азаматтары мен аудан тұрғындары қатысып, тарих ғылымдарының докторы, профессор Н.Абдуллаев, мәдениет қайраткері Е.Құрманбек, тарихшы-өлкетанушы Б.Мырзабай баяндама жасады. Конференцияға қатысушылар пікірлерін білдіріп, ойларын ортаға салды. Конференция барысында қатысушылар халқымыздың алмағайып заманда ел басқарған дана хандарының бірі, даңқты қолбасшы Әбілқайыр бабамыздың тарихы мен өмір жолдарынан кеңінен мағлұмат алды. Конференция туралы облыстық газет беттерінде мақалалар жарық көрді.

 

  1. Ақтөбе газеті, №95 (20.683), 18 тамыз 2018 жыл.
  2. Актюбинский вестник. № 97 (20.420), 20 августа 2018 года