Ата заң – тұрақтылық кепілі

Тамыздың 29 күні аудандық «Халықтар достығы» музейінде 30  тамыз Конституция күніне орай «Ата заң – тұрақтылық кепілі» атты танымдық шара өткізілді. Шараға аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Б.Сарсенбаева, Әділет басқармасының басшысы Р.Жетіруова, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, кітапхана ұжымы, жастар ресурстық орталығы және Т.Жүргенов атындағы ОМ-нің оқушысы Д.С.Асуов қатысты. Шараның мақсаты: Ата Заң жайлы ұғым, түсініктер қалыптастыру, онда бекітілген негізгі міндеттері мен құқықтар туралы ой қозғау. Шара барысында музей директоры Д.Ильясова «Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясы»,  Б.Сарсенбаева «Конституция - тәуелсіздіктің айғағы»  тақырыптарында баяндама жасап, Д.Асуов өз шығармашылығынан Ата заң туралы өлеңін оқыды. Сонымен қатар, қатысушы қонақтар өз ой-пікірлерін білдірді.

 

Шара соңында түйгеніміз, біздің міндет - Конституцияға аса ұқыптылықпен қарау. Өзіміздің елімізді, өзіміздің тарихымызды, өзіміздің жетістіктерімізді қалай құрметтесек, Ата заңымызды да солай аялауымыз керек.