«Адал жол – честный путь»

2-қараша күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда қоғаммен қарым-қатынасты орнатуда жаңа тәсілдерді қолдану мақсатында Әйтеке би ауданы әкімі аппараты жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы  Ақтөбе облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен орталық алаңда «Адал жол – честный путь» марафоны бастау алды. Марафон шерумен басталып, мәдениет үйінің фойесінде аудандық музей мен кітапхананың көрмелері қойылды.

 

Марафон одан әрі белгілі драматург-жазушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Рахымжан Отарбаевтың «Темір нарком» тарихи драмасымен жалғасты. Тарихи драмманы ауданымыздың «Замандас» халықтық театры сахналады. Бұл премьера кеңестік заманның бұлғақты кезеңінде халық ағарту комиссары қызметінде жүріп ұлттың рухын оятуға өлшеусіз үлес қосқан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Қараұлы Жүргеновтің қилы тағдыры жайында болды. Қойылымның режиссері Ш.Бекназарова шығарманың тартымды сахналануына үлкен үлесін қосты. Басты рөлді музей қызметкері А.Жалмуханбетов сомдады. Жалпы премьераға қатысқан актерлердің қай-қайсысы да өздеріне жүктелген рөлдерді жақсы алып шықты. Мұны премьера соңында көрермендердің ыстық ықыласы байқатты.