Көшпелі көрме кереметтері

14 қараша күні облыстық тарихи-өлкетану музейі ашылды. Жаңа облыстық тарихи-өлкетану музейінде әзірге бес экспозициялық зал ашылған. Бірінші зал батыс өңірінің, Ақтөбенің флорасы мен фаунасына арналды. Сонымен қатар, ежелгі дәуірдің аң-құстары, пайдалы қазбалар туралы толық мәлімет бар. Сонымен қатар, археология, «Алтын зал», «Қазақ хандығы», «Дала дәлмарлары» секілді арнайы бөлімдер қарастырылған. Музейдің ашылуы Президенттің көшпелі музейінің келуімен тұспа-тұс келді.

 

Сағат 15.30-да С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханада кітапхана, архив, музей салаларының мамандары және мемлекеттік қызметкерлері үшін «Елбасы кітапханасының ақпараттық ресурстары» атты аймақтық кәсіби сессия өтті. Сессия «Музей» автоматтандырылған жүйесінің деректері негізінде музей қорының ғылыми зерттеулерін ұсынатын слайд көрсетілімдерімен «ашық кеңістік» форматында болды. Сессияға қатысушылардың назарына «Бір жәдігердің тарихы», «Музей коллекциялары» жобасын қамтитын «Музей жинақтары» ғылыми-қор музейтану бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы қызметкерлерінің зерттеу жұмыстарының қорытындылары ұсынылды. Осы сессияға қатысушыларға «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасының аясында өткен «Елбасы Кітапханасының ақпараттық ресурстары» атты сессиясына қатысқаны үшін сертификаттар берілді.

17 қарашада Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде өңірдің музей қауымдастығына арналған «Музей саласындағы ақпараттандыру» атты ғылыми-тәжірибелік семинары өтті. Іс-шара Елбасы кітапханасының «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасы аясында қоғамдық сананы жаңғырту міндеттеріне сәйкес мәдени мұраны зерттеу және насихаттау бойынша тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылды. Музей мекемелерінің қызметін жаңғырту үдерісінде цифрландыру және жаңа ақпараттық технологияларды енгізуге үлкен мән берілді. ҚР Тұңғыш Президентінің Музейінде архив, кітапхана және музей қорын біріктіруге мүмкіндік беретін «Музей» автоматтандырылған жүйесін енгізілгендігі туралы, оның нәтижелері жайында сөз болды. Семинар барысында музей саласындағы ақпараттық технологияларды дамытуға қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Семинар соңында музей саласынан қатысушыларға Елбасы кітапханасының сертификаттары табыс етілді.