«Ауғанның от-жалыны» тақырыбында ақпараттық-танымдық кеш

11-ақпан күні аудандық музей залында  Кеңес  әскерлерінің  Ауғанстаннан  шығарылуының  30-жылдығына байланысты«Ауғанның от-жалыны»тақырыбында  ақпараттық-танымдық кеш өтті. Шараға ауған соғысының ардагерлері Самат Молдағалиұлы, Жалғасбай Сапаұлы, Руслан Әбдіғазиұлы, Бекболат Сухамбердіұлы, т.б. және ішкі саясат бөлімінен Г.Барлыққызы, Н.Жылқыбайұлы, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінен Қ.Досұлы, аудандық саз мектебінің қызметкері Н.Тілеужанов, Т.Жүргенов орта мектебі мен М.Жұмабаев орта мектебінің тәрбие ісінің ұйымдастырушылары Н.Бақытұлы, Р.Нұржанова және сынып жетекшілері мен әскери дайындық пәнінің жетекшілері А.Сарманов пен А.Жармедетов, 9-10 сынып оқушылары қатыстырылды.

Мақсаты: Жастық шағын соғыс алапаты шарпыған Ауған соғысы ардагерлерінің отан алдындағы борышын адал атқарғанын кейінгі ұрпаққа көрсету.

Шара барысында Ауған соғысының қалай бастау алғаны, азаматтардың кісі қанын төгу үшін емес, отан алдындағы борышын мүлтіксіз атқару үшін барғанын музей қызметкері А.Жалмуханбетов кіріспеде баса айтты.  Ауған соғысының ардагерлері әскери дайындықтан қалай өткендерін, соғыс даласына алғаш барғандағы сезімдерін, жат жердегі қиындықтарын,  қаруластарының оққа ұшқанын қобалжи айтып, елде тыныштық болуын тіледі. Ауданнан шыққан соғыс ардагерлері туралы мәлімет слайд арқылы берілді. Ауған даласында құпия жағдайда түсірілген видеоролик көрсетіліп, соғыс шындығын аша түскендей болды.

Н.Тілеужанов бабалардың ерлік жолын суреттейтін термеден үзінді айтып, қатысушыларды бір серпілтті. Оқушылар ардагерлердің ескі жарасын қозғамайтындай байыпты сұрақтарын қойып, Г.Барлыққызы жылы лебізін білдіріп, отан қорғаудың талқыға түспейтінін, жастардың Отан қайда жұмсаса, сонда баратындықтарын түсіндірді.  Шара соңын музей директоры Д.Ильясова қорытындылап, Ауған соғысы ардагерлеріне естелік сыйлықтар тапсырды.