«Жастар - ел болашағы»

3-сәуір күні Әйтеке  би ауданында «Жастар - ел болашағы» атты аудандық жастар Форумы өтті. Аудандық сала бөлімдері, ауылдық округтер әкімдіктері қолдаубілдірген жастар Форумында  өз саласында белсенді қызмет атқарып, қоғамдық өмірге араласып жүрген мемлекеттік қызмет, медицина, жас кәсіпкерлер, жас ауыл шаруашылығы басшылары, белсенді студенттер, спорт пен өнер, білім, мәдениет саласындағы көшбасшы жастар және үлгі тұтар құрметті азаматтар, аға буын өкілдері қатысты.

Форумының екінші бөлімінде ауылдық округтерден келген делегаттар рухани жаңғыру мақаласы және Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай ұйымдастырылған 4 секциялық жұмыстарға бөлінді. Соның бірі, «Идеологиялық  сананы жаңғырту» тақырыбымен  музей залында жүргізілді. Тренері музей қызметкері Алпамыс  Жалмұханбет.