Мәдениет қызметкерлерінің күніне орай Ауданық музейде өткізілген «Үздік музей қызметкері – 2019» байқауы

Әйтеке би ауданы  бойынша  мәдениет  қызметкерлерінің  күніне  орай 26 сәуір күні   Аудандық  музейде   «Үздік  ауылдық  музей  қызметкерлері – 2019 »  аудандық  байқауы   ұйымдастырылды.    Байқауға  «Қарабұтақ»  ауылдық  музейінің   экскурсоводы  Жақсылықова Зейнеп Айжарыққызы және Толыбай ауылдық «Әбілқайыр хан» музейінің экскурсоводы   Жұмекен Әсем Анятқызы  қатысты.    Шараның  мақсаты  Музей  қызметі  саласының  деңгейін көтеру үшін музей қызметкерлерінің  жұмысын  жетілдіру және ынталандыру.  Қызметкерлер тарапынан  ұсынылатын шығармашылық бастамаларға  қолдау  көрсету.   Байқау  үш  кезеңнен  тұрды. 

 Бірінші кезеңінде экскурсоводтар өздері  қызмет жасап отырған  музей  ісімен таныстырып, жұмыс  барысы,  ерекшеліктеріне  кеңінен   тоқталды.

Екінші кезеңде «Туған өлкем – тұнған  тарих»  тақырыбында  музей  қызметкерлері  жүргізген  экспидицияларынан  жиналған  экспонаттар  тарихы туралы  слайд көрсетіліп, экскурсия  жасалды

Үшіншіден  музей қызметкерлері  ауыл  музейінің жұмысын дамыту жөнінде  өздерінің  ұсыныстарын  ортаға  салды.   Шара  барысында  экскурсоводтар  өздерінің  білімділігімен,  іздемпаздықтарын көрсетті.   Әділ қазылар  алқасының  шешіммен,      байқау  соңында  музей директоры Д.Ильясова  Қарабұтақ  ауылдық  музейінің  экскурсоводы З.Жақсылықова «Ізденімпаз қызметкер»  және  Ә.Жұмекен  «Тарих  тағлымын  танытар қызметкер» номинацияларымен  марапаттады.   Музей  директоры Д.Ильсова  алдағы  уақытта осындай форматтағы  байқаулар  жалғасын  табатынына  сенім білдірді.