«Рухани қазына – 2019»

03-мамыр күні Ақтөбе қаласы Өнер орталығы ғимаратында  «Рухани қазына – 2019» мәдениет және өнер мекемелері мен қызметкерлерінің ІІ облыстық форумы өтті. Форумға Әйтеке би ауданынан мәдениет және өнер мекемелері, мәдениет қызметкерлері мен аудан делегаттары қатысты. Ең үздік мәдениет қызметкерлері анықталып, үздік шыққан мәдениет мекемелеріне Республикалық байқауға жолдама берілді. Өнер орталығы кіреберісіне мәдениет пен өнер саласындағы ауданның жетістіктері мен атқарылған жұмыстардың көрмесі қойылды. Форум соңында, секциялық отырыстар болып, сұрақтар мен ұсыныстар талқыланды.