Отбасы – бақыт мекені

15-мамыр халықаралық отбасы күніне орай Әйтеке би аудандық музейінде  «Отбасы-бақыт мекені» тақырыбында   музей  сағаты өткізілді. Шараға Т.Жүргенов орта мектебінің 5-сынып оқушылары мен сынып жетекшісі З.Серім қатысты. Мақсаты: Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық қатынастарын нығайту, ата – анасын сыйлай білетін азамат тәрбиелеу, отбасы құндылықтарын арттыру. Шараны музей директоры Д.Ильясова жүргізді. Іс-шара кезінде отбасының екі тірегі әлпештеген әке мен аялаған ана екендігі, дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіретіндігі сөз болып, оқушылармен кең түрде пікір алмасты.