Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш

04-маусым күні Әйтеке  би  аудандық музейінде «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» тақырыбында музей сағаты өткізілді. Шараға мәдениет мекемелері қызметкерлері мен аудан тұрғындары қатысты.  Шараның  мақсаты:  Еліміздің мемлекеттік рәміздері тарихына шолу жасау, әрбір бөлшегіндегі  ұлттық  символиканы ұғындыру, мемлекеттік белгілердің аса маңыздылығын түсіндіру.

 Рәміздердің шығу тарихы туралы тың деректер айтылып, ерте дәуірлерде ғұн мен сақтың айбары болған ұлттық белгілердің терең астары, тотемдік ерекшеліктері баяндалды. Қатысушы   қонақтар   ҚР-ның  мемлекеттік  рәміздерін құрметтеуде, сыйлауда үлкен мән барын, ұлттың айбары мен бейнесін танытуда атқарар рөліне тоқталды. Сөз соңында, музей директоры Д.Ильясова ұлттық қүндылықтарымыздың белгісіндей болған рәміздерімізді биік көтеру – ұлт мерейінің өскендігінің белгісі деп қорытындылады.