Ақтөбе облысының тұрғындарын «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» халықаралық жастар байкауына катысуға шақырамыз!

ТМД Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша мемлекетаралық кеңестің қүрамындағы Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының, Беларусь, Армения, Қырғыз Республикаларының өзара іс-әрекеті нэтижесінде 2018 жылдың 19 қарашасына дейін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» атты халықаралық байқауы өткізілуде.

"XVIII ғасырдың І жартысындағы қазақ мемлекеттілігі мен Әбілқайыр ханның тарихи тұлғасы" атты ақпараттық-танымдық конференция

17 тамыз күні С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында дарынды қолбасшы, сұңғыла саясаткер Мұхаммед Қазы Әбілқайыр ханның туғанына 325 жыл толуына орай және Ақтөбедегі Әйтеке би ауданы күндері аясында "XVIII ғасырдың І жартысындағы қазақ мемлекеттілігі мен Әбілқайыр ханның тарихи тұлғасы" атты ақпараттық-танымдық конференция өтті. Конференцияны Әйтеке би ауданы әкімі М.Ибрашов ашып, құттықтау сөз сөйледі. Конференцияға облыс қонақтары, ауданның құрметті азаматтары мен аудан тұрғындары қатысып, тарих ғылымдарының докторы, профессор Н.Абдуллаев, мәдениет қайраткері Е.Құрманбек, тарихшы-өлкетанушы Б.Мырзабай баяндама жасады. Конференцияға қатысушылар пікірлерін білдіріп, ойларын ортаға салды. Конференция барысында қатысушылар халқымыздың алмағайып заманда ел басқарған дана хандарының бірі, даңқты қолбасшы Әбілқайыр бабамыздың тарихы мен өмір жолдарынан кеңінен мағлұмат алды. Конференция туралы облыстық газет беттерінде мақалалар жарық көрді.

Музейдің алғашқы қызметкерлері

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Астананың 20 жылдығы мерекесіне орай алғаш құрылған музейдің қорын жинақтауға көмегі тиген, музейдің ашылуына үлесін қосқан экономика ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев ат. Еуразиялық Ұлттық университетінің профессоры Николай Ювица ауданымызға жол сапармен келіп, музей жанашырларымен кездесу кеші өтті. Кешке қатысқандар: Жаңалық жаршысы газетінің директор-бас редакторы Г.Стручков, музейді алғаш жасаушылардың бірі  Р.Смағұлова және қонақтар мен музей қызметкерлері. Кездесу барысында Н.Ювица музейдің қалай құрылғандығын, алғашқы экспонаттар қалай жиналғандығын кең түрде айтып берді. Музей құрылғаннан бері келе жатқан жәдігерлердің тарихына терең шолу жасап, бізге беймәлім ақпараттар ұсынды.

«Айбыны асқақ ақ ордам»

Елордамыз Астананың 20 жылдығына орай «Айбыны асқақ ақ ордам» тақырыбында аудандық музейде танымдық шара өткізілді. Шараның мақсаты Астана – болашақтың қаласы, мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы болып табылатын жас қала туралы айту.

Шараға «Жаңалық жаршысы» газетінің тілшісі Е.Әбдіраев, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Қ.Б.Жақияев, аудандық соттың бас маманы Ж.Әбдірова, М.Жұмабаев ат. ОМ мұғалімі Ә.Қасымханқызы, аудандық кітапхана қызметкерлері мен Жастар ресурстық орталығының жастары және оқушылар қатыстырылды.

«Тәуелсіз елдің нышандары» ақпараттық танымдық шара

«Біз Тәуелсіздігіміздің нышандарын көздің

қарашығындай сақтауымыз керек, қасиет тұтуымыз керек. Еліміздің әрбір азаматы

Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын ерекше құрметтеуге міндетті. Өйткені олар

халқымыздың мақтанышы, біздің ең киелі құндылықтарымыз.»

Н.Ә.Назарбаев

Ақпараттық танымдық сағатқа аудандық әкімшіліктен Б.И.Мулькаев, Қ.Жарымбетов, Н.Нажмадинов пен аудандық көпсалалы колледжден Ж.Ешімбетов ұстаздар қауымымен студенттері және аудандық «Жаңалық жаршысының» тілшісі Е.Әбдіраев, жастар ресурстық орталығынан қатыстырылды. Ұйымдастырылған ақпараттық танымдық шараның мақсаты – Отанымыздың ұлттық мақтанышы – Мемлекеттік Рәміздерге арналды. Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

18 мамыр күні аудандық «Халықтар достығы» музейіндегі «Музей - ұлттық құндылықтар негізі» атты мәдени шара

18-ші мамыр – Халықаралық музей күні. Бұл мереке - Халықаралық мұражайлар кеңесінің шешімімен 1978-ші жылдан аталып келеді. Мақсат – адам өмірінде және қоғамда мұражайдың алар орнының маңыздылығын түсіндіру. Сондай-ақ, мұражай құндылықтарына деген халықтың ықыласын арттыру.   Мәдени  шараға  ауыл  тұрғындары  мен  мектеп  оқушылары  қатыстырылды.

Музей – өлкенің тарихы, халықтың қазынасы

26 сәуір аудандық мәдениет қызметкерлер форумы аясында Әйтеке би аудандық «Халықтар достығы» музейі залында «Музей – өлкенің тарихы, халықтың қазынасы» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің қор бөлімі қызметкері Ж.Ә.Данабаева, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қ.Жарымбетов, «Халықтар достығы» музейінің директоры Д.Ильясова, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.Нажмадинов, Қарабұтақ ауылдық музейінің директоры Р.Байзақова, Толыбай ауылдық «Әбілқайыр хан» музейінің меңгерушісі А.Сапаров және музей қызметкерлері қатысты.