«Діни экстремизм мен терроризмнің қазіргі дәуірдегі қаупі» дөңгелек үстел

       Аудандық  музейде  аудандық  мешіттің  наиб  имамы  С. Қ. Сәметов, аудандық  ішкі  саясат  бөлімінің  басшысы  Н.Б.Нажмадинов  және көпсалалы колледждің  тәрбие  жөніндегі  орынбасары   К.Б.Алькенова, С.А.Абдиганиева, 2 курс  студенттерімен  музей қызметкерлерінің  ұйымдастыруымен  дөңгелек үстел  өткізілді.

«Ұрпаққа үлгі болған ерлік»

15 - ақпан  күні  аудандық  музейде  Кеңес әскерлерінің Ауған  жерінен  шығарылғанына биылғы  жылы 29 жыл толуына  орай  «Ұрпаққа   үлгі болған  ерлік»  тақырыбында  музей сағаты  өткізілді.

Мақсаты:Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу, Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды  Отансүйгіштікке, ерлікке  баулу,  Ауған  соғысы  ардагерлеріне   құрмет  көрсету. Музей  сағатына  Т.Жүргенов  орта  мектебінің  10 - сынып  оқушылары  мен  алғашқы  әскери  дайындық  пәнінің  мұғалімі  А.Сарманов  және  музей  қызметкерлері  қатыстырылды.

«Ұлттық код – рухани болмыс кілті»

Әйтеке би  аудандық  «Халықтар  достығы»  музейінде  «Ұлттық код – рухани болмыс  кілті» тақырыбында дөңгелек  үстел  ұйымдастырылып өткізілді. Дөңгелек  үстелге  Әйтеке би  аудандық  сот  ұжымы,  М.Жұмабаев атындағы  орта  мектебінің  ұстаздар  қауымы  мен  9 , 11 сынып  оқушылары және  аудандық  газет  тілшісі  қатысты.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» талқылау бойынша дөңгелек үстел

Аудандық «Халықтар достығы» музейінде музей қызметкерлері мен аудандық сот мекемесі, аудандық «Жаңалық жаршысы» газет тілшісі бірлесіп Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» талқылау бойынша және оған мәдени-құқықтық көзқарас бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында Елбасымыз Н.Ә Назарбаев Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауын жариялады. Елбасының әр жылғы Жолдауы - тарихи құжат. Қайсысын алып қарасаңыз да стратегиялық маңыздылығы мен белгілі бір мерзімде нақты міндеттер мен мәселелердің шешілуін қамтамасыз етуге бағытталғанын көреміз.

«Желтоқсан оқиғасы және Тәуелсіздік» тақырыбында 1986 жылғы 16 желтоқсан оқиғасы куәгерлерімен әңгіме сұхбат

        14 – желтоқсан  күні  аудандық  «Халықтар  достығы»  музейінде   «Желтоқсан  оқиғасы және Тәуелсіздік» тақырыбында желтоқсан оқиғасына  қатысқан  куәгерлермен кездесу  кеші өткізілді. Кездесу кешіне Аудандық «Жаңалық жаршысы» газетінің редакторы Е.Әбдіраев, аудандық мәдениет үйінің режиссері  Ш.Бекназарова, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, аудандық  кітапхана  қызметкерлері  және  М.Жұмабаев  атындағы  орта  мектебінен 8 - сынып  оқушылары мен  ұстаздарының қатысуымен  кездесу  кеші өткізілді. Әңгіме сұхбат барысында  кешіміздің қонақтарына  желтоқсан тәуелсіздігіне байланысты  сұрақтар қойылып, қатысушы  желтоқсан  куәгерлері  есте қалған  естеліктерінен  жас жеткіншектерге  әңгімелеп берді.  Оқушылар   түрлі  сұрақтарға  жауаптарын  алды. Сонымен  қатар  желтоқсан  оқиғасына  байланысты  бейнеролик  көрсетіліп, қорытындыланды.

Әйтеке би аудандық «Халықтар достығы» музейінде «Елбасы сенімі - ел сенімі» тақырыбында танымдық шара

    30 -  қараша   күні  аудандық  музейде  «Елбасы  сенімі -  ел  сенімі»  тақырыбында  танымдық  шара  өткізілді. Танымдық  шараға  аудандық  әкімшілік  бөлімінен,  мәдениет  және  тілдерді  дамыту бөлімі және  ішкі  саясат  бөлімі  мен   Т.Жүргенов  атындағы  орта  мектебінің  ұстаздары  оқушыларымен  қатыстырылды.

«Тарих ғасырлар куәсі» тарихи танымдық сайыс (Тама Есет Көкіұлының туғанына 350 жылдығына орай тарихи-танымдық сайыс)

      Есет  Көкіұлы,  Тама Есет  (1667-1749)  –  батыр, қолбасшы, би, тархан, қоғам қайраткері. Өз заманында қазақ елінің басында болып жатқан шешуші оқиғалардың бел ортасында жүрді. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресте есімі елге танылған әйгілі батырларының бірі. Шыққан тегі – Кіші  жүздің Жетіруының  ішіндегі  тама  руынан. Кіші жүз Бөкенбай батырдың күйеу баласы. Есеттің әкесі Базарқұлұлы Көкі де заманында аты шыққан батыр болған. Жауға үнемі тайсалмай тура шабатындықтан «Таймас батыр» деген ат алған.Есет  батыр әйгілі «Ақтабан шұбырындыдан»  кейін  ел  болып бірігіп, жоңғарларға  алғашқы  алапат  соққы берген – Бұланты шайқасына қатысып, езілген  елдің еңсесін  көтерткен Ұлы Жеңіске  өз үлесін қосады. Ал тарихи бетбұрыс жасаған  Аңырақай соғысында ол Кіші жүз құрамының туын көтерген атойшы болады. Есет батыр сексен екі жасында өзінің атамекенінде, өз ажалынан қайтыс болады.