Қазақстан-Ақтөбе телеарнасы Әйтеке би жерінде

2 тамыз күні Қазақстан-Ақтөбе телеарнасы өз жоспарларының негізінде, Әйтеке би жерінің тарихын, мәдениетін, экономикасын ақпараттық хабар ретінде дайындау мақсатында келген болатын. 8 адамнан тұратын түсіру тобын аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Г.Барлыққызы мен Әйтеке би аудындық музей қызметкері А.Жалмуханбетов күтіп алып, өлке тарихынан сыр шертетін мекендерге жол бастады.

«Туған жерге тағзым»

«Туған жерге  тағзым»   акциясы  аясында  Әйтеке би  аудандық   «Халықтар достығы»  музейі  ауылдық  жерлерге  музей  жұмысын  таныстыру  мақсатында  жылжымалы  көрме  апару  көзделді. Осы мақсатпен,  шілденің 20-сы  күні  Қарашатау, 21-і  күні  Әйке  елді  мекендеріне  музейдің ескі, бағалы экспонаттары  апарылып, түсіндіру  жұмыстары  жүргізілді. Көрме  соңында  елімізге  белгілі, әнші – сазгер Д.Сағынтаев жеке  ән  кешін  өткізіп, халықты бір  қуантты.

14-15 шілде аралығында Ақтөбе облысында «Туған жерім – нұрлы елім!» атты Әйтеке би ауданы күндерінің өтуіне байланысты «Руханият жүрегі - жәдігер» тақырыбындағы этнографиялық жылжымалы көрме

Шілде  айының  14  күні,   сағат таңғы 7:30-да  Ақтөбе  қаласының жергілікті   Рика  Тв  телеарнасы  ұсынатын  «Арайлы таң»  бағдарламасына  Әйтеке  би  аудан  әкімінің  орынбасары  Б.И.Мулькаев   пен  аудандық  музей  қызметкері   А.Жалмуханбетов   сұхбат  берді. Сұхбат  барысында  аудан  музейлерінің  жай-күйі, мәдени-ескерткіштердің   хал-ахуалы, халықтан  экспонаттарды  жинау  жолдары,  туризмді   дамыту  тетіктері  сөз  болды.

Қазақстан Республикасының рәміздеріне 25 жыл «Мемлекеттік рәміздер – қасиетті құндылықтар» (ақпараттық – танымдық сағат)

Әйтеке  би  аудандық  «Халықтар  достығы»   музейінде   2  маусым  күні  Қазақстан   Республикасының  рәміздерінің   25 жылдығына  байланысты «Мемлекеттік рәміздер – қасиетті  құндылықтар»  ақпараттық – танымдық  сағат  өткізілді.

Шараға   қатысушы  қонақтар:  Әйтеке  би  аудан  әкімінің  орынбасары  Б.И.Мулькаев, аудандық  маслихат  хатшысы  Е.Б.Таңсықбаев, Әділет  басқармасының  басшысы  Ж.А.Байбашева,  «Нұротан»  партиясы   Әйтеке би аудандық  филиалының төреағасының  бірінші  орынбасары  А.Ж.Өмірзақова, аудандық  кітапхана  директоры  Г.Е.Қоянбаева  және  аудандық  көпсалалы  колледж  мұғалімдері  мен студенттері  келіп  қатысты.

Әйтеке би аудандық «Халықтар достығы» музейінде 1 - маусым балалар күніне орай «Әлем, балалар көзқарасымен» тақырыбында экскурсия ұйымдастырылды.

Аудандық  «Бәйтерек»  балабақшасының  бүлдіршіндеріне   ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ тілей  отырып,  балаларға шын көңілден шаттық көңіл - күй сыйлап, балаларды қорғау күні қалай аталып өтілетінін, мерекеге жақсы көңіл - күй керек екенін бүлдіршіндерге ұғындыру   барысында  аудандық   музейдегі залдарға  саяхат  жасалды. Бүлдіршіндердің  әсіресе  табиғат  залына  деген   қызығушылығы  мол  болды. Балаларымен  бірге  жас  отбасылар  да келіп,  өз  пікірлерін  білдірді. Музей  тарапынан  балабақша  бүлдіршіндеріне   сыйлықтар  тапсырылды.

Әйтеке би аудандық «Халықтар достығы» музейінде 31 мамыр қуғын-сүргін құрбандарының еске алу күніне орай «Арманда кеткен арыстар» тақырыбында тарихи- танымдық шара.

31 мамыр Қазақстан үшін ерекше аталынып өтетін қаралы күн. Бұл - ашаршылық оқиғаларының, репрессияның  құрбандарын еске алу күні боп 1997 жылдан Елбасымыз Н.Назарбаевтің Жарлығымен белгіленген  болатын.

Біз бұл күнді қаралы дата деп атап өтіп, оңай айта салғанымызбен, оның түбінде үлкен қайғы-қасірет жатыр. Әрбір қазақтың баласы осы қайғы-қасіретті ұмытпауы керек.

21.05.2017

21 мамыр Мәдениет және өнер күніне орай 20 мамырда Н.Назарбаев атындағы мәдениет және демалыс саябағында өткізілген шарада Әйтеке би аудандық музей директоры Д.Ильясова «Салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің атынан құрмет грамотасымен және музей қызметкері А.Жалмуханбетов музей күніне орай өткізілген облыстық «Үздік музей қызметкері» байқауына байланысты «Кәсіби біліктілігі үшін» номинациясымен марапатталды.