«Ұлыстың Ұлы күні-Әз Наурыз»

Кең болсын қазағымның керегесі,

Кетпесін Алла берген  берекесі.

Алаштың баласына нәсіп болған,

Құтты болсын НАУРЫЗ мерекесі!

Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсініктер беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге  бейімдеу.  Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, ұлттық салт - дәстүр, әдет-ғұрпымызбен   байланыстыра  отырып,  өз  ұлтымызға   деген  сүйіспеншілігімізді  арттыру  барысында  18.03.2017  жылы  аудандық «Халықтар достығы» музейінде «Ұлыстың  Ұлы  күні-Әз Наурыз»  тақырыбында  мерекелік  шара  ұйымдастырылып  өткізілді.

«Бәрі де, Ана, бір өзіңен басталады»

Ана  десем  ашып  жанары,

Өмірімнің   бастау   алар   ажары

Ана  деген   тіршілікке   пана  боп,

Әрбір   үйде  жұлдыз   болып   жанады.

тақырыбында   аудандық    музейде   аналарға   арналған   мерекелік   шара ұйымдастырылып  өткізілді.

Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды, барша  аналарды  төл  мерекелерімен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ата-анаға деген құрмет  сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.

Шараға  арнайы  шақырылған   қонақтар   және  М.Жұмабаев  орта  мектебі,   Саз  мектебінің  аналары   және аналарға  арнайы  сәлемдеме  жолдау  барысында   Хасен  А, С.Жұбаныш, Жұмбаев  И,  Зейін Б  мен  «Назерке»  би  тобы  қатыстырылды.  

Әйтеке би аудандық «Халықтар достығы» музейінде 1-наурыз алғыс айту күніне байланысты «Алғыс-ризашылық белгісі» тақырыбында мәдени-шара өткізілді.

          Аудандық  музей залында  «Алғыс-ризашылық белгісі»  тақырыбында   мәдени - шара  ұйымдастырылды. Алғыс  айту  күніне  байланысты  арнайы  аудандық  ардагерлер  кенесінің  төрағасы,  ауданның  Құрметті  азаматы, еңбек  ардагері  Д.Ержанов,   Алтын  алқа  иегер  аналар  Байділдина  Ш,  Көнекбаева  Х   және   М.Жұмабаев  атындағы  орта  мектебінен   жетекшісі  Мералина  З.С, 7- сынып  оқушылары, Саз мектебінің «Шұғыла»  би  тобы  мен  аудандық  тілші  қатыстырылды.

«Ауған соғысы-тарихтың қатпар қыртысы»

Аталған  тарих  беттерін  парақтап,  бүгінгі  күнге  жетіп  отырған   ардагерлермен   сұхбаттасу   үшін  аудандық   «Халықтар  достығы»  музейіне Таласбаев С.М, Әбдібеков Ж.С, Журумбаев Б. С, Шалов  Т.А, Артығалин  Қ.  А  шақырылды. Сонымен   бірге  музей  сағатына   мәдениет  және  тілдерді  дамыту  бөлімінің  басшысы  Аяғанов  М,  аудандық  колледж   мұғалімі  Тынысбеков М. Ө студенттерімен,  Саз  мектебінің   түлегі  Жұмабаев  И  қатыстырылды.

«Ұлттық дала нақыштары» (қол өнер шеберлерінің байқауы)

Аудандық «Халықтар достығы» музейі мен аудандық «Целинник» мәдениет үйі  бірлесе отырып Қазақстан  Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты 25 жұлдызды күн аясында   «Ұлттық  дала  нақыштары» атты  қол өнер  шеберлерінің  байқауы  2016  жылдың   30  қарашада  өткізілді.

Байқаудың  мақсаты:  Қарапайым мамандықтар мен  кәсіп  иелері  арасында  кәсіби  шығармашыл  жандарды  тауып,  халыққа  насихаттау  және шеберліктерін  қалыптастыруға  ұйытқы   болу.

12.12.2016

 12 желтоқсан күні  «Әлем таныған  азат ел» тақырыбында  аудандық "Целинник" мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиналыс өтті. Ауыл  тұрғындарына аудандық музей экспонаттарынан көрме ұйымдастырылып, көрмеге аудан әкімі М.Е. Ибрашов  пен  ҚР Инвестиция және даму министрлігі автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары С.Ә.Аблалиев да қатысып, тамашалады.

28.10.2016

28.10.2016  жылы  ҚР   Тәуелсіздігінің  25  жылдығы  аясында  Қазақстан -Ақтөбе  телеарнасына  Әйтеке би  ауданы  күні  бойынша   ауданның  өнім  жетістіктерінен  және  музей  саласынан  көрме  ұйымдастырылып  қойылды.