«Рухани қазына – 2019»

03-мамыр күні Ақтөбе қаласы Өнер орталығы ғимаратында  «Рухани қазына – 2019» мәдениет және өнер мекемелері мен қызметкерлерінің ІІ облыстық форумы өтті. Форумға Әйтеке би ауданынан мәдениет және өнер мекемелері, мәдениет қызметкерлері мен аудан делегаттары қатысты. Ең үздік мәдениет қызметкерлері анықталып, үздік шыққан мәдениет мекемелеріне Республикалық байқауға жолдама берілді. Өнер орталығы кіреберісіне мәдениет пен өнер саласындағы ауданның жетістіктері мен атқарылған жұмыстардың көрмесі қойылды. Форум соңында, секциялық отырыстар болып, сұрақтар мен ұсыныстар талқыланды.

Мәдениет қызметкерлерінің күніне орай Ауданық музейде өткізілген «Үздік музей қызметкері – 2019» байқауы

Әйтеке би ауданы  бойынша  мәдениет  қызметкерлерінің  күніне  орай 26 сәуір күні   Аудандық  музейде   «Үздік  ауылдық  музей  қызметкерлері – 2019 »  аудандық  байқауы   ұйымдастырылды.    Байқауға  «Қарабұтақ»  ауылдық  музейінің   экскурсоводы  Жақсылықова Зейнеп Айжарыққызы және Толыбай ауылдық «Әбілқайыр хан» музейінің экскурсоводы   Жұмекен Әсем Анятқызы  қатысты.    Шараның  мақсаты  Музей  қызметі  саласының  деңгейін көтеру үшін музей қызметкерлерінің  жұмысын  жетілдіру және ынталандыру.  Қызметкерлер тарапынан  ұсынылатын шығармашылық бастамаларға  қолдау  көрсету.   Байқау  үш  кезеңнен  тұрды. 

«Жастар - ел болашағы»

3-сәуір күні Әйтеке  би ауданында «Жастар - ел болашағы» атты аудандық жастар Форумы өтті. Аудандық сала бөлімдері, ауылдық округтер әкімдіктері қолдаубілдірген жастар Форумында  өз саласында белсенді қызмет атқарып, қоғамдық өмірге араласып жүрген мемлекеттік қызмет, медицина, жас кәсіпкерлер, жас ауыл шаруашылығы басшылары, белсенді студенттер, спорт пен өнер, білім, мәдениет саласындағы көшбасшы жастар және үлгі тұтар құрметті азаматтар, аға буын өкілдері қатысты.

Көрісу – ынтымақ пен берекенің көрінісі

14-наурыз Амал мерекесінің басталуына орай аудандық музейдің ұйымдастыруымен «Көрісу – ынтымақ пен берекенің көрінісі» тақырыбында мәдени шара өтті. Шараға М.Жұмабаев орта мектебінің мұғалімдер қауымы мен директоры С.Издина, Т.Жүргенов орта мектебінің мұғалімдері, Жаңалық жаршысы газетінің тілшісі Е.Әбдіраев, мәдениет үйінің әдіскері Ш.Бекназарова, Ішкі саясат бөлімінің бас маманы Н.Көшеров қатысты.

Ұлыстың ұлы күні әз Наурыз!

19-наурыз күні музей залында Ұлыстың  Ұлы  күні  Наурыз  мерекесіне   орай  «Қош келдің, әз Наурыз!» атты  мерекелік  шара өтті. Шараға аудан әкімінің орынбасары Н.Иванұлы, Әйтеке би ауданының құрметті азаматтары Д.Ержанов пен А.Ермағанбет, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қ.Досұлы, Саз мектебінің тәлімгері Ж.Сералин және М.Жұмабаев орта мектебінің 11-сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Н.Жакупова қатысты. Шараның мақсаты: Қазақ халқының жыл басы саналатын Наурыз мерекесінің тарихын шолу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

Әлемнің мәні – әйелде

7-наурыз күні аудандық музей залында Халықаралық  әйелдер  мерекесіне  байланысты «Көңілден кетпес бір бейне»  тақырыбында  мерекелік  шара өтті. Шараға сыйлы ана А.Ержанова, музей ардагері Г.Шматова, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қ.Жарымбетов,  аудандық мәдениет үйі әдіскері Ш.Бекназарова, аудандық Саз мектебінің директоры Ш.Берсүгірова, аталмыш ұйымның оқу-ісі меңгерушісі А.Әбенова, кітапхана қызметкері А.Ермағамбетова, М.Жұмабаев орта мектебінің 6-сынып оқушылары және сынып жетекшісі Б.Қонысбаева қатысты.

Алғыс деген ел сыйы

01-наурыз Алғыс айту күніне орай Әйтеке би аудандық музейінде «Алғыс – ризашылық белгісі» тақырыбында мәдени-рухани шара өтті. Шараға аудандық газет тілшісі Е.Әбдіраев, аудандық мәдениет үйінің әдіскері Ш.Бекназарова, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен және т.б. мекеме қызметкерлері, Т.Жүргенов орта мектебінің 5-сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Г.Бегімбаева қатыстырылды.