Қазақ хандығының 550 жылдығы

1-2 қазан  қазақ  хандығының  550  жылдығы  аясында  Әйтеке би ауданындағы «Хан моласы» қорымында қазақ тарихындағы ірі қоғам қайраткері, даңқты қолбасшы Әбілқайыр ханға арналған мемориалды кешеннің  ашылуы  болды.  Сонымен қатар Толыбай ауылында «Әбілқайыр  хан»  музейі  ашылды. Музейге XVIII-ХІХ ғасырлардан қалған құнды жәдігерлер, Әбілқайыр хан ұрпақтары тұтынған бұйымдар, олардың арасында, белгілі заңгер Бақытжан Қаратаевтың ұстаған бұйымдары, Әбілқайыр ханның жеке мөрі  қойылды. Музейдің  ашылу салтанатына Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев  қатысып,  музеймен  танысты.  Шара  барысында  киіз үйлер тігіліп, ат  жарыс,  қазақша  күрес  ұйымдастырылып,  әр  облыстан  келген фальклорлық ансамбль  өз өнерлерін  халыққа  ұсынды.   

«Жанарлар жасқа толы мереке» атты фото көрме.

9  мамыр  күні  орталық  саябақта  «Жанарлар  жасқа  толы  мереке» атты  фото  көрме  ұйымдастырылып,  соғыс  экспонаттары  қару - жарақтар,  радио,  телефон,  каска,  фляжка  және  соғыс  ардагерлерінің  ұстап  тұтынған заттары  т.б. көпшілік  назарына  ұсынылды.  Сонымен  бірге   музей  қызметкерлері  «Даңқ  орденін»  алған  соғыс  ардагерлерінің   суреттерін   салтанатты   шеруде  алып  жүрді.

. «Отты жылдар елесі» тақырыбындағы республикалық фото – байқау.

9 мамыр  Жеңіс  күніне  орай  облыстық  өнер  музейінде  ұйымдастырылған  «Отты  жылдар  елесі»  тақырыбындағы  республикалық  фото – байқауға  қатысып,  музей  қорындағы  соғыс  ардагерлері  Кеулов Диханбай,  Қарабалаев  Шүренбай,  Ермағанбетов  Батырбайдың  соғыс  майданында  жүрген  кезіндегі  және  Берлинді  алғаннан  кейін  түскен  суреттері  көрмеге   қойылды.  Байқау  барысында  «Халықтар  достығы»  музейінің  директоры  Д.Ильясова ІІ  орын  иеленіп,  теледидер  және  арнайы  дипломмен  марапатталды.

«Ерлік - жан дүниенің ұлы қасиеті» тақырыбында ауған соғысының ардагерлерімен кездесу

15 ақпан  Кеңес  әскерінің  Ауғанстаннан  шығарылған  күніне  орай  және  қазақ  хандығының  550  жылдығына  арналған  «Ерлік - жан дүниенің ұлы қасиеті» тақырыбында ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өтті. Кездесуге ауған соғысының ардагерлері С.Таласбаев, Ж.Атбағаров, Б.Журумбаев, Ж.Абдибеков, аудандық «Жаңалық жаршысы» газетінің редакторы Г.Стручков, Әйтеке би аудандық Қорғаныс істері бөлімінің қызметкері Ә.Медеубайұлы және Әйтеке би аудандық көпсалалы  колледжінің  оқытушылары  мен  студенттері  қатысты. 

«Нұрлы жол – Ұлттық тарихқа бастар жол» атты акциясы

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  жолдауынан  туындаған  міндеттерді  насихаттау  мақсатында  және  Қазақ  хандығының  550  жылдығын  мерекелеу  аясында  облыстық  мәдениет,  мұрағаттар  және  құжаттама  басқармасы,  облыстық  тарихи – өлкетану  музейі  мен  аудандық  музейлер  2015  жылдың  ақпан ай  мен  желтоқсан  айлары  аралығында  «Нұрлы  жол  -  Ұлттық  тарихқа  бастар  жол»  атты  облыстық  акциясы   ұйымдастырылды.