Қаражан мазары.

Тышқанбай  қонысынан  оңтүстікке  қарай  3  шақырым  жерде  орналасқан.  Төрт  бұрышты  (10х18,20  м)  қасбетті  -  күнбезді  мазар.  Төрт  бұрышынан  төрт  құлақ  көмбезшелер  түзілгшен.  5 - ші  күмбезше  мазардың  қақ  ортасына  орналачсқан  кіреберіс – дәліздің  үстіндегі  2  ойық  арқалық  -  қабсетке  орналасқан.  Дәліздің  шығыс  бөлігі  шаршы  тәрізді  негізгі  бөлікпен  ойық  арқа  арқылы  жалғасқан.  Орталық  күмбез  тарамдалған  сына  тәріздес  өрілген.  Мазарды  1910  жылы  халық  шебері  Жыға  Қаражан  байдың  моласына  орнатқан.

Бабадан қалған байтақ жер

Әйтеке би аудандық музейі мектеп оқушыларының туған өлкеге деген қызығушылықтарын ескеріп, «Бабадан қалған байтақ жер» тақырыбында тур-саяхат ұйымдастырды. Сейіт Атаның төрт шәкіртінің бірі Бақсайыс әулиеден басталған саяхат, Қарабұтақтың бастауы  "Төрт үй" жерін, ауылдық музейін, Қостанай-Шымкент тас жолы қиылысындағы Әйтеке би ескерткішін, Былшық би кесенесін аралаумен жалғасты. Ел мен жердің тарихы экскурсовод арқылы терең жеткізіліп, сапар үстінде аңыз-әңгімелер айтылды.

Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш

04-маусым күні Әйтеке  би  аудандық музейінде «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» тақырыбында музей сағаты өткізілді. Шараға мәдениет мекемелері қызметкерлері мен аудан тұрғындары қатысты.  Шараның  мақсаты:  Еліміздің мемлекеттік рәміздері тарихына шолу жасау, әрбір бөлшегіндегі  ұлттық  символиканы ұғындыру, мемлекеттік белгілердің аса маңыздылығын түсіндіру.

"Бала - бауыр етің, көз нұрың" тақырыбында ашық есік күні өтті.

1-маусым халықаралық балаларды қорғау күніне аудандық музейде "Бала - бауыр етің, көз нұрың" тақырыбында ашық есік күні өтті. Мақсаты: Балаларға патриоттық тәрбие беру, өлке тарихымен таныстыру, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру. Келушілерге экскурсия жүргізіліп, балаларды қорғау күніне фото-көрме қойылды, сонымен қатар слайд арқылы бүлдіршіндерге арналған қызықты мәліметтер берілді.

Музей – ел қазынасы

18-мамыр Халықаралық музей күніне орай аудандық музей залында  «Музей – ел қазынасы» атты тарихи-танымдық кеш өтті. Кешке әкімшілік және мәдениет саласының қызметкерлері, М.Жұмабаев орта мектебінің ұстаздары мен оқушылары,  Әйтеке би аудандық көпсалалы колледжінің оқытушылары мен студенттері, ерікті топтар қатысты.

Отбасы – бақыт мекені

15-мамыр халықаралық отбасы күніне орай Әйтеке би аудандық музейінде  «Отбасы-бақыт мекені» тақырыбында   музей  сағаты өткізілді. Шараға Т.Жүргенов орта мектебінің 5-сынып оқушылары мен сынып жетекшісі З.Серім қатысты. Мақсаты: Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық қатынастарын нығайту, ата – анасын сыйлай білетін азамат тәрбиелеу, отбасы құндылықтарын арттыру. Шараны музей директоры Д.Ильясова жүргізді. Іс-шара кезінде отбасының екі тірегі әлпештеген әке мен аялаған ана екендігі, дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіретіндігі сөз болып, оқушылармен кең түрде пікір алмасты.

«Рухани қазына – 2019»

03-мамыр күні Ақтөбе қаласы Өнер орталығы ғимаратында  «Рухани қазына – 2019» мәдениет және өнер мекемелері мен қызметкерлерінің ІІ облыстық форумы өтті. Форумға Әйтеке би ауданынан мәдениет және өнер мекемелері, мәдениет қызметкерлері мен аудан делегаттары қатысты. Ең үздік мәдениет қызметкерлері анықталып, үздік шыққан мәдениет мекемелеріне Республикалық байқауға жолдама берілді. Өнер орталығы кіреберісіне мәдениет пен өнер саласындағы ауданның жетістіктері мен атқарылған жұмыстардың көрмесі қойылды. Форум соңында, секциялық отырыстар болып, сұрақтар мен ұсыныстар талқыланды.

1.jpg2.jpg3.jpg4.jpg5.jpg6.jpg7.png1.jpg2.jpg3.jpg4.jpg5.jpg6.jpg7.png