Онлайн-сұхбат өтті

14-сәуір күні сағат 19.00-де Ақтөбе облыстық мәдениет және архивтер басқармасының инстаграм парақшасы арқылы, елімізге күйші, ҚР еңбек сіңірген әртісі, профессор тұрар Әліпбаевпен онлайн-сұхбат өтті. Сұхбатты музей қызметкері А.Жалмуханбетов жүргізді.

«Әбет бидің әділдігі»

09-сәуір күні сағат 11.00-де Әйтеке би аудандық музейінің инстаграм парақшасында (@aitekebi_muzei) «Әбет бидің әділдігі» тақырыбында онлайн дәріс өткізілді. Дәрістің басты өзегі Балтықбай ұрпақтарынанөрбіген сарабдал билер, Келаман, оның баласы Бақашы Әбет бидің ұтымды сөздері, қиыннан қиыстыра білетін шешендігі төңірегінде ел ауызындағы әңгімелерді тыңдармандарға жеткізу.

Қуандық Төлегенұлы Шаңғытбаев

Мұхтар Әуезов батасын берген, Қасым Аманжолов "Мәдениетті жазатын ақын" деп жоғары бағалаған, "Ар" жинағы арқылы дүйім жұрттың ар-намысын оятуға тырысқан, кейінгі Мұқағали сияқты тұстастарынан «Қазақ жырының маржаны, қазақ тілінің сенімді құлы – Қуандық ақын» деген баға алған, Қарабұтақ өңірінің туып-өскен, еліміздің айтулы тұлғасы, шайыр, ақын Қуандық Шаңғытбаевтың туғанына 95 жыл толып отыр. Өмір деректерінен ақпарат ұсынуды жөн көрдік, қабыл алыңыздар!

16 сағаттық курс өтті

11-12 наурыз күндері Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде музей қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға бағытталған, облыс мамандарынан құралған 16 сағаттық курс өтті. Музей ісін дамытудағы аспектілерді кең ауқымда түсіндірген "Kazmuseum.kz" жеке қорының жетекшісі Н.Жолбарыс пен ҚР мәдениет және спорт министрлігінің кітапхана және музей ісі басқармасы бас сарапшысы Н.Кадримбетова болды. Осындай теориялық білім деңгейін көтеретін курстар музейдің практикалық жұмысына да оң әсерін тигізетініне кәміл сенеміз.

«Әлиялар әлемі» тақырыбында кездесу кеші

6- наурыз күні  Халықаралық әйелдер мерекесіне  байланысты  батыр қызымыз Әлия Молдағұлованың 95 жылдығына орай   аудандық  музейінде  «Әлиялар әлемі» атты  кездесу кеші  ұйымдастырылды. 

Шараның  мақсаты — жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, патриоттық тәрбиені өрістету, Әлия Молдағұлованың есімін ұлықтау және мәңгі есте қалдыру. Қазіргі таңдағы Әлия есімді аруларымыздың басын қоса отырып, олардың ел болашағы ретінде қоғамның талаптарына сай көзқарастарына, отансүйгіштігіне мән бергізу.

"Музей - тәрбие өзегі"

26 ақпан күні "Музей - тәрбие өзегі" атты музей түні акциясы аясындағы рухани шара өтті. Келген мектеп оқушылары мен мұғалімдеріне музейдің тәрбиелік қызметін, қазіргі таңдағы тарихи әлеуетін түсіндірілді.

«Шежірелі өлке азаматы»

14-ақпан күні музей залында өлкетанушы Қапаз Еламановтың туғанына 90 жыл толуына орай «Шежірелі өлке азаматы» тақырыбында тарихи-ақпараттық шара өткізілді. Мақсаты: Әйтеке би ауданының түгелге жуық тарихи тұлғаларын жинақтап, өмір деректерін кітапқа түсірген өлкетанушы еңбегін келушілерге насихаттау. Шараға М.Жұмабаев атындағы орта мектебінің 7 сынып оқушылары мен әдіскері Ә.Қасымханқызы қатысты. Этнограф, өлкетанушы, шежіреші ретінде Қапаз Еламановтың бірнеше кітаптары жұртшылыққа таныс. Осы құнды мұраларды жас ұрпақтың бойына сіңіруде алуан түрлі әдістер мен тәсілдер қолданылып келеді.

1.jpg2.jpg3.jpg4.jpg5.jpg6.jpg7.png1.jpg2.jpg3.jpg4.jpg5.jpg6.jpg7.png