«Ауған асуынан асқандар»

14-ақпан күні музейдің тарихи залына ауған соғысы ардагерлерінің тұтынған заттары, киген киімдері мен фото-суреттеріне тұратын «Ауған асуынан асқандар» тақырыбында  көрме қойылып, келуші қонақтарға экскурсия жүргізілді.

«Татулық – достық кілті»

07-ақпан күні Қазақстан Халқы Ассамблеясының 25-жылдығына орай аудандық саз мектебі ұжымымен бірлесіп, «Татулық – достық кілті» тақырыбында оқушылар арасында дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: Ел бірлігін ойлайтын, татулығын көздейтін, ұйымшылдыққа бастайтын жас ұрпақты тәрбиелеу.

Көрме

05-ақпан күні Қазақстан Халқы Ассамблеясының 25-жылдығына орай аудандық мәдениет үйінің фойесіне аудандық музей тарапынан көрме қойылды. Көрмеде түрлі этнос өкілдерінің тұтынған заттары (ескі темір үтік, қант салғыш, қалта сағаттары мен қол сағаттары, ыдыс аяқтар т.б.), музыкалық аспаптары, киім-кешектері, қолөнер туындылары қойылды.

«Жемқорлықтың жолын кес»

24-ші қаңтар күні музейдің кіре беріс залына «Жемқорлықтың жолын кес» атты көрме қойылып, келушілерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мақсаты:Адам құқықтары жайлы түсінікті кеңейту, «Жемқорлық» қоғамымыздағы алаңдатып отырған келеңсіз көрініс екенін ұғындырып, жас ұрпақтың бойына патриоттық тәрбие қалыптастыру.

Самұраттың кісілік келбеті

23 қаңтар күні Әйтеке би аудандық музейінде “Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ел қайраткері Алматұлы Самұраттың туғанына 175 жыл толуына орай «Самұраттың кісілік келбеті» тақырыбында тарихи сабақ өткізілді. Шараға аудандық кітапхана, мәдениет үйі қызметкерлері, көпсалалы колледж студенттері мен оқытушылары қатысты. Мақсаты: Өлке тарихында лауазымды қызметтер атқарған, отырықшылық кәсіпке ден қойған Алматұлы Самұраттың кісілік келбетін насихаттау.

«Бақашы әулиенің проза мен ауыз әдебиетіндегі орны»

16-қаңтар күні аудандық музей залында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Бақашы әулиенің проза мен ауыз әдебиетіндегі орны» атты ақпараттық сағат өткізілді. Шараға аудандық ішкі саясат бөлімі мен М.Жұмабаев атындағы орта мектебінің ұстаздары және 8-10 сынып оқушылары қатыстырылды. Мақсаты: Өлке тарихынан зерттеліп-зерделеніп жатқан деректерді келушілерге ұсыну, оқиғаны зерттеуде проза мен ауыз әдебиетінің алар орнын насихаттау. Шара барысында Боқай батырдың қалай Бақашы атанғаны, Бақашыдан тараған даңқты ұрпақтары һақында, Бақашы қорымында жерленген ұлағатты би, ержүрек батырлар туралы сөз болды.

«Ұстаз ізімен» атты танымдық шара

Ахмет  Байтұрсынұлы  атындағы  Қостанай  мемлекеттік  университетінің  профессоры   Жақып Қалқаман Хасанұлы, Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінің  директоры М.Оспанов пен Ә.Молдағұлова мемориалдық  музейінің  қызметкерлері  және  Әйтеке би аудандық, Қарабұтақ  ауылдық музей қызметкерлері бірігіп музей  залында «Ұстаз ізімен»  атты танымдық  шара ұйымдастырды. Өзара қарым – қатынасты нығайту, мәдени – рухани байланысты орнату, іс – тәжірибе алмасу, ұлылар ұлағатын ұлықтау және қоғам қайраткері, ұлы ағартушы – педагог Ыбырай Алтынсариннің өнегелі өмір жолын  насихаттау мақсатында өткен кең көлемді отырыс келуші қонақтардың қызығушылығын оятты.

1.jpg2.jpg3.jpg4.jpg5.jpg6.jpg7.png1.jpg2.jpg3.jpg4.jpg5.jpg6.jpg7.png